Брешиа (провинция)
Брешиа провинциясы | |
Provincia di Brescia | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Әкімшілік орталығы |
Брешиа |
Альберто Кавалли | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
4 784 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1,264,105 адам (2016) |
Тығыздығы |
260 адам/км² |
Телефон коды |
030, 0364, 0365, 035 |
Брешиа (сондай-ақ Брешия, итал. Provincia di BresciaProvincia di Brescia, ломб. Pruvincia de Bressa) — Италияның Ломбардия аймағындағы провинция.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Брешиа провинциясы солтүстігінде және солтүстік-батысында Сондрио, батысында Бергамо, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Кремона, оңтүстігінде Мантуя және де шығысында Верона мен Тренто провинцияларымен шектеседі.
Провинцияда үш үлкен көл орналасқан: Гарда (итал. lago di Gardalago di Garda), Изео (lago d 'Iseo) және Идро (lago d' Idro). Провинцияның солтүстігінде Адамелло-Презанелла тау жотасының бөлігі орналасқан. Сондай-ақ Брешиа провинциясында Камоника, Тромпия және Саббия аңғарлары орналасқан.
Маңызды қалалары: Брешиа, Геди, Манербио, Ордзинуови, Сало́, Гардоне-Валь-Тромпия, Тосколано-Мадерно, Гарньяно, Лимоне, Сирмионе.
Көлік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шет аймақ арқылы A4 Турин — Триест және A21 Турин — брешиа автожолы, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар SS39, SS42 және SS45bis жолдары өтеді. Монтикьяри қаласында Брешиа — Монтикьяри әуежайы орналасқан. Провинция арқылы Милан — Венеция және Брешиа — Изео — Эдоло темір жолдары өтеді. Негізгі теміржол торабы — Брешиа бекеті. 1950-ші жылдарға дейін Брешиада қалалық және қалааралық трамвай желісі жұмыс істеді, алайда кейінірек желі істен шықты. 2004 жылы Брешиа метрополитенінің құрылысы басталып, оның алғашқы желісі (17 бекет) 2013 жылы ашылды.