Брехт Бертольт
Брехт Бертольт | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
ақпанның 10 Augsburg, German Empire |
Қайтыс болғаны: |
1956 тамыз 14 (aged 58) Mitte, East Berlin, German Democratic Republic |
Мансабы: | Playwright · Theatre Director · Poet |
Жанры: |
Non-Aristotelian drama · Epic theatre · Dialectical theatre |
Елеулі шығармасы(лары): |
The Threepenny Opera Life of Galileo Mother Courage and Her Children The Good Person of Szechwan The Caucasian Chalk Circle The Resistible Rise of Arturo Ui |
Жұбайы(лары): |
Marianne Zoff (1922–1927)[1] Helene Weigel (1930–1956) |
Балалары: |
Frank Banholzer, Hanne Hiob, Stefan Brecht, Barbara Brecht-Schall |
Ықпалдауы
| |
Ықпалдануы
| |
| |
Қолтаңбасы: |
Брехт Бертольт(10.2.1898, Германия, Аугебург қаласы— 14.8.1956, Берлин қаласы) — неміс жазушысы, драматург, ғалым. Мюнхен университетінде оқыған. 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1933 — 47 жылдары антифашистік эмиграцияда болды. 1948 жылы сол кездегі ГДР-ға қайтып оралды. “Берлинер ансамблі” театрын құрды (1949). Шығармалары 1944 жылы жариялана бастады. Соғысқа қарсы жазылған “Қайтыс болған солдат туралы аңыз” балладасы (1918) жазушы есімін әлемге танымал етті. “Ваал” (1918), “Түнгі барабан дүрсілі” (1922), “Құжынаған қалалар” (1921) пьесалары, “Қалша жинағы” (1926), “Үй жинағы” (1927) атты өлеңдер мен әндер кітабы жарық көрген. “Қай солдат болса да бәрібір” (1927) пьесасы, “Махогони” (1937) муз. комедиясы, “Кураш шешей және оның балалары” (1939), “Галилейдің өмірі” (1938) атты тарихи драмалары, т.б. шығармалары жарық көрді. 1950 жылы Қазақстанға келген сапарынан кейін белгілі тары өсіруші Берсиев туралы “Шығанақ” поэмасын жазды. Бұл шығарма қазақ тіліне аударылған (1971). Брехт Бертольт өнертану ғылымында белгілі “Эпикалық театр” теориясын қалыптастырған. Клейст атынд. әдеби сыйл. (1922), Лениндік сыйл. (1954) лауреаты.[2]