Бильбао

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Бильбао
ис. Bilbao
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Испания

Автономиялық бірлестік

Басков елдері

Провинция

Бискайя

Комарка

Гран-Бильбао

Ішкі бөлінісі

8 аумақ

Қала әкімі

Инаки Аскуна

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°16′ с. е. 2°26′ б. б. / 43.267° с. е. 2.433° б. б. / 43.267; -2.433 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°16′ с. е. 2°26′ б. б. / 43.267° с. е. 2.433° б. б. / 43.267; -2.433 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1300

Жер аумағы

41,3 км²

Биіктігі

19 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

353 200 адам (2005)

Тығыздығы

8 615 адам/км²

Этнохороним

бильба́олық

Ресми тілі

баск тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+34 94

Пошта индекстері

48001-48015

Басқалары
ұраны

La Muy Noble y Muy Leal e Invicta (Ең адал,мәртебелі және бағынбайтын)

лақап аты

El Botxo («тесік»)

bilbao.net
Үлгі:Ref-eu (исп.) (ағыл.)

Бильбао картада
Бильбао
Бильбао

Бильба́о (ис. Bilbao, баск Bilbo) — Испания мемлекетінің солтүстігінде орналасқан қала,Бискайя провинциясының әкімшілік орталығы.Бильбао муниципалитеті Гран-Бильбао ауданының құрамына енеді.Қала тұрғындарының саны 353мыңнан астам адамды құрайды (2005 жылғы мәлімет бойынша).Бильбао Басков елдері автономиялық бірлестігінің ірі қалаларының бірі болып табылады. 2010 жылы 19 мамырда Бильбао қаласы Lee Kuan Yew World City Prize құрмет сыйлығымен марапатталады.Ең танымал сингапурлық газеттердің бірі «Straitstimes» газеті марапат беруге ұсынған. Символикалық алтын медальдан басқа ел басшылары 300 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық алды. 2011 жылы 9 қыркүйекте Вуэльта көпкүндік веложарысының 19-шы кезеңі осы қалада мәресіне жетті.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әулие Иакованың шіркеуі

Бильбао қаласы Нервьон өзенінің сағасында орналасқан,қаланың шет жағасы Бискай шығанағының жағалауымен жалғасады.

Ертеректе Бильбао қаласының орнында балықшылар поселкесі болған.1300 жылы 15 маусымда Бискай басқарушысы дон Диего Лопес V де Аро қаланың негізін қалайды.

Бильбао қаласында ( барлық Басков елдеріндегі сияқты ) екі тіл ресми тіл ретінде қабылданған.Олар - испан және баск тілдері.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бильбао қаласы - Испанияның өте мағызды теңіз порты және индустриялы орталығы.

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бильбао қаласындағы метро.
қалалық Bilbobus автобусы.
Аудандық Bizkaibus автобусы.
Бильбао қаласының көрінісі

1995 жылдан бері Бильбаода метрополитен жұмыс істейді.2007 жылғы жағдай бойынша бұл қалада метроның екі желісі бары анықталған.Метроға қосымша ретінде 2002 жылдан бастап қалада қазіргі заманға лайық трамвай жұмыс ісейді.Бұл трамвайды EuskoTran компаниясы пайдалануға берген.

Бильбао қаласы темір жол желілерімен де байланыстырылған:

  • Үш алшақ рельсті темір жол желілері Испан мемлекеттік темір жолының меншігінде (RENFE)
  • Бір рельс арасы тар темір жол желісі Испан рельс арасы тар темір жолының меншігінде (FEVE)
  • Үш рельс арасы тар темір жол желілері баскілік темір жолының меншігінде (EuskoTren)

Қалалық автобустар муниципалитет меншігінде және Bilbobus деп аталады ( қызыл түске боялған ),аудандық автобустар BizkaiBus деген атпен танымал ( сары түске боялған,бірақ 2009 жылдың күзінен бастап жасыл түс біртіндеп сары түсті алмастыруда ). Бильбао Испаниядағы 2011 жылдың қаңтар айынан бастап екіқабатты автобустарды қалалық қоғамдық көлік ретінде қолданатын алғашқы қала болып табылады.Бұл қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолданылып отырған шара.Екіқабатты автобустар үлкен сыйымдылыққа ие,нәтижесінде жолдан әдеттегі көліктерді алып тастау мүмкіндігі пайда болады,осылайша энергия шығындарын және ауаға тарайтын зиянды пайдаланылған газдарды қысқарта аламыз. Бір екіқабатты автобустың құны 660мың евроны құрайды.Автобустардың бағасы толығымен қалалық қазынадан төленіп,тапсырыс берілген.Автобустардың жолда жүргізілуі үшін ұлттық испан заңын өзгертуге тура келді.Себебі заң бойынша ең жоғарғы биіктік 4 метр болса,бұл автобустың биіктігі 4,2 метрді құрайды. Қалалық көліктерде жол жүру ақысын төлеу үшін көбінесе бірыңғай жол жүру билеті Creditrans қолданылады. Қаладан 15 километр жерде теңіз порты орналасқан.Бұл кеме жүйесінде жұмыс істейтіндер Pride of Bilbao деп аталады.Сондай-ақ Бильбао қаласында аэропорт бар.Қазіргі уақытта Бильбао Испаниядағы қарқынды дамушы қалалардың қатарында.

Қалада туған танымал адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Үлгі:Испания провинциясының астанасы

Үлгі:Гран-Бильбао ауданының муниципалитеттері