Бизерта
Бизерта – Жерорта теңізіндегі Тунистің портты қаласы.
Халық саны 114 000 адам (2004 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың негізін біздің заманымызға дейінгі 1 ғасырда финикийліктер қалаған болатын. 16 ғасырда Бизерта Жерорта теңізіндегі қарақшылардың орталығына айналады.
1891-1895 жылдар аралығында Жерорта теңізімен Бизерта көлімен байланыстыратын канал қазылады. Сол жерде қазіргі Бизерта қаласы қалыптасқан. 1895 жылы порт халықаралық сауда ісін жолға қояды. Осы кезден бастап порт Францияның әскери-теңіз флотының билігіне өтеді.
1961 жылы Франция мен Тунис арасында Бизерттегі әскери-теңіз базасы үшін, тарихта «Бизерт дағдарысы» деген атпен белгілі, қарулы қақтығыс болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|