Беу қыздар-ай
Беу қыздар-ай | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі | |
Ұзақтығы |
85 минут |
Тілі | |
Шыққан жылы |
«Беу қыздар-ай» – "Қазақтелефильм" студиясының 9 бөлімді, толық метражды, қазақ тілінде түсірілген ақ-қара түсті фильм-спектаклі (1977)[1].
Пьеса авторлары Қуандық Шанғытбаев, Қанабек Байсейітов. Режиссер Тұраш Ыбыраев, операторы Юрий Кулик.
Сюжеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үш сүрбойдақ — ақын Әубәкір, суретші Сұлтан, доцент Хасен бір пәтерде тұрады. Жастары біршамаға келсе де, үйленудің еш реті түспейді. Бір күні газеттен озат сауыншы қыз Айсұлу Асанованың суретін көреді де, үшеуі де ауылдық сауыншыға ғашық боп қалады.
Солайша үшеуі де "Көкдала" колхозына аттанбақ боп тұрғанда, ауылдан Серке атты қойшы оқуға түспек болып, доцент Хасенді іздеп келеді де, әуелі суретші Сұлтанға жолығады. Таныса келе Серке тап сол "Көкдала" колхозынан болып шығады. Ол аздай тіпті Айсұлудың сөз байласқан жігіті-тұғын. Бірақ мұның бәрін Серке жасырады да, "мен Айсұлудың жиенімін" деп Сұлтанды алдайды. Сұлтанды шығарып сап бола, Әубәкірмен жолығады, оны да солай алдайды. Соңында өзі іздеп келген Хасенге кездесіп, ол мұны оқуға түсіретін боп, бұл оны Айсұлумен таныстыратын болып келіседі.
Қызбен сөйлесу үшеуіне де оңайға соқпайды. Колхоз басшысы Әбдіқадыр бұларды Айсұлудың өзімен емес, әпкелерімен таныстырып жібереді. Дегенмен үшеуі де өздері танысқан "Айсұлуларына" ғашық болады да, бір-біріне бажа боп қалаға аттанады.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әбдіқадыр - Қапан Бадыров
- Сұлтан - Сәбит Оразбаев
- Хасен - Ғабдолла Сүлейменов
- Әубәкір - Райымбек Сейітметов
- Айсұлу - Нұрзада Тәшімова
- Күнсұлу - Гүлжан Әспетова
- Жансұлу - Салиха Қожақова
- Нұрсұлу - Баян Имашева
- Серке - Есболған Жайсаңбаев
- Милиционер - Күләш Сексенбаева
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5