Бейбіт Ермекұлы Мұстафин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бейбіт Ермекұлы Мұстафин - (1961 жыл 18 қаңтар Қарағанды қаласы) — кескіндемеші, мүсінші. Әкесі - Мұстафин Ермек, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды Қазақ драма театрының актері. Анасы - Мұстафина Күләш Ақышқызы, мейрамхананың аспаз-кулинары.

  • Жезқазған педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1983).
  • Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті.
  • Өзінің кескіндемелік шығармаларында ата-бабалардың рухани мұрасының тақырыбын ашады. Сәндік және монументалды пластикамен айналысады.
  • Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, Павлодар, Қарағанды қалаларында, Швейцария, Германия, Чехия, Канада, АҚШ, Ресей, Түркияның және т.б. жеке коллекцияларында сақталуда.
  • Халықаралық, шетелдік, республикалық, облыстық көрмелердің, халықаралық симпозиумдардың қатысушысы (1985 жылдан).
  • 1983 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1988 жылдан - Қарағанды көркемсурет және өндірістік шеберханалардың суретшісі. 1992 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1994 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі.
  • Бүгінгі күні - ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының бас суретшісі.
  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
  • Мәдениет қайраткері (2004).
  • Діни көзқарасы - діндар.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
  • Хоббиі - боулинг, аңшылық, балық аулау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, I. Есенберлин, А.С. Пушкин.
  • Бойдақ. Ұлы - Мұстафин Дархан Бейбітұлы (1984 жылы туған), мұнай-газ өнеркәсібінің маманы; Қызы - Мұстафина Айжан Бейбітқызы (1985 жылы тұған), дизайнер, модельер.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2