Бас айналу
Көрініс
Бас айналу — аздаған уақытқа айналадағы кеңістіктің немесе кеңістікте өзінен-өзі бастың айналуы сезімі. Бастың қатты айналу салдарынан адам тәлтіректейді, лоқсиды не құсады, өңі қуарып, суық тер шығады, бойы қалтырайды. Бас айналудың негізгі себебі ішкі құлақ пен мидың зақымдануынан, көздің сырқатқа шалдығуынан болады. Дені сау адамдар тұрған қалпын кенет өзгерткенде бас айналады. Ол әсіресе ортаңғы және ішкі құлақтың қабынуынан, жарақаттан, мидың шайқалуынан, ондағы ісіктен, ми тамырларының зақымдануынан болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9