Баллиолдар
Баллиолдар | |
Елі | |
---|---|
Баллиолдар (Бэллиолдар) (ағыл. Balliol) — XIII және XIV ғасырдың басында Шотландия патшалығының тағына ие болған ағылшын-шотландық ақсүйек әулеті.
Баллиол әулетінің негізін қалаушы - нормандық рыцарь Ренар де Байель (фр. Renard de Bailleul), Англияға 1066 жылы Вильгельм Жаулаушының әскерімен бірге келген. Оның ұлы және мұрагері Бернард де Байельге патша Дарем мен Нортумберлендтен жер берді. Ол Барнард қорғанын салып, 1-ші Барнард-Касл бароны атанды.
5-ші Барнард-Касл бароны, Джон де Баллиол, 1223 жылы Шотландияның оңтүстік-батысындағы ауқымды кельттік Галлоуэй графтығының мұрагерлерінің бірі, Галлоуэйлік Дерворгилаға үйленді. Джон Баллиол және оның әйелі Оксфорд университетінің алғашқы колледждерінің негізін қалаушысы ретінде танымал. Дерворгила анасы, Шотландық Маргарита жағынан шотландық королдер Малкольм IV мен Вильгельм Арыстанның інісі Хантингдондық Дәуіттің немересі. Бұл Дерворгилдың ұлы Иоанн Баллиолға 1290 жылы Данкельд әулетінің соңғы өкілі, ханшайым Маргарита қайтыс болғаннан кейін шотланд тағына талап етуге мүмкіндік берді.
Шотландия королдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Иоанн I Баллиол, 1292—1296 жылдары Шотландия королі болды, оны Англия королі Эдуард I Плантагенет тақтан тайдырды.
- Эдуард Баллиол, 1332—1336 жылдары Шотландия королі болды, Иоанн I-нің ұлы, Брюстер әулетінен шыққан король Дәуіт II-нің таққа талаптарына келіспеді.
Эдуард Баллиолдың балалары болмаған және 1367 жылы қайтыс болғаннан соң, Баллиол әулеті өмір сүруін тоқтатты. Олардың есімін Оксфордтағы ең ескі колледждердің бірі - Баллиол колледжі мәңгі есте қалдырды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Stell, G. P., «Balliol, Bernard de (d. 1154x62)», Oxford Dictionary of National Biography, Oxford University Press, 2004.
- Stell, G. P., «Balliol, Bernard de (d. c.1190)», Oxford Dictionary of National Biography, Oxford University Press, 2004.
- Stell, G. P., «Balliol , John de (b. before 1208, d. 1268)», Oxford Dictionary of National Biography, Oxford University Press, 2004.