Багаудтар
Көрініс
Багаудтар (лат. Bagaudae) - Галлия мен Солтүстік Испаниядағы Римге қарсы халық-азаттық қозғалысына қатысушылар (3-5 ғ.). Қозғалыс ІІІ-V ғ-ларда орын алып, қатарын кедей адамдар, құлдар құраған. 283-285 ж. (немесе 269-270) басталып, негізінен Сена мен Луара өзендері аралығындағы аймақтарда өріс алды. Багаудтардың жетекшілері - Аманд пен Элиан болған, өз-өзін император деп жариялап, олар армия құрды. Рим әскерлері қозғалысты басқаннан кейін 408 ж. қөтеріліс қайта басталды. 435-447 ж. көтеріліс Солтүстік-Батыс Галлияны қамтыды, бірақ қайтадан көтерісшілер жасағы жеңілді. 5 ғ-дың ортасында Солтүстік Испанияда қозғалыс орын алды. 454 ж. оларды римдіктер, кейін вестготтықтар жаныштады[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том