Аға-хан
Аға-хан (парсы: آقاخان — «қожайын» және «хан» сөзінен шыққан) — исмаили-низарилердің діни қауымының көсемінің атадан балаға қалатын атағы.
Иран шаһы Фетх Әли-шаһ бұл атақты өзінің күйеу баласы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ қызы Фатиманың ұрпағынан саналатын Керман әмірі (1800—1881) Әбул-Хасанға (Аға-хан I) береді. Бірақ Аға-хан I-ші 1838 жылғы сәтсіздікке ұшыраған Ирандағы көтерілісті басқарғаннан кейін Ауғанстан мен Синдке қашуға мәжбүр болады. Ол Ұлыбританияның көмегіне қол жеткізіп, Үндістанның Бомбей қаласында тұрақтайды.
Әбул-Хасанның немересі Сұлтан Мұхамед Шаһ, Аға-хан III (1877—1957) Үндістанның саяси өмірінде маңызды роль атқарды. Ол мұсылман халықпен Британ Үндістанының колониалды үкіметін қолдауына, әсіресе Бүкілүндістандық мұсылман лигасының басшысы болғаннан кейін, қол жеткізуді мақсат етті.
Ханзада Карим-шаһ (13 желтоқсан, 1936 жылы туған) — қазіргі Аға-хан IV өз қызметіне 1957 жылдың 11 шілдесінде 21 жасында енді. Ол исмаилилердің 49-шы имамы саналады, әрі Гарвард университетінің түлегі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Aga Khan |
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Энциклопедия Кругосветтегі" мақала (орыс.)
- С.Плеханов. Раскрытая ладонь.Ага-хан и его мюриды (орыс.)
- Организация Ага Хана по развитию Мұрағатталған 14 наурыздың 2012 жылы. (орыс.)
- The Institute of Ismaili Studies (ағыл.)
- The Ismaili Мұрағатталған 10 шілденің 2017 жылы. (ағыл.)
- The Aga Khan Development Network (ағыл.)
- Aga Khan and the Ismailis — FILM Мұрағатталған 29 қарашаның 2018 жылы. (ағыл.)