Аэрация
Көрініс
Аэрация— сұйықтықтарды ауамен қанықтыру процесі мен әдісі; мысалы, органикалық заттардың тотығуы барботирлеу арқылы өткізіледі. Анаэробтық ферментті тотығу-тотықсыздану процесі; оның нәтижесінде бөлінген энергия микроорганизмдердің тіршілігіне жұмсалады.[1][2] Аэраттау (грек. aйr. — ауа), ауаландыру —
- түрлі ортаны (мыс., су қоймаларын, топырақты т.б.) атмосфералық ауамен табиғи (мыс., организмдердің тіршілігі арқасында) немесе жасанды жолмен қанықтыру. А. тех. әдістермен немесе ауаның суға, топыраққа сіңуіне кедергі болатын (мыс., мұз, майлы қабықша сияқты) тосқауылдарды бұзу т.б. тәсілдермен жүргізіледі. А. ауыз суды, ақаба суын тазарту, топырақ өнімділігін арттыру, суды мекендеушілердің, әсіресе, балықтардың судағы оттегінің азаюы себебінен жаппай қырылуын болдырмау т.б. үшін қолданылады.
- Өндірістік ғимараттарда табиғи ауаны қолдан реттеп алмастыру. Ол сыртқы және ішкі ауа тығыздықтарының айырмашылығы есебінен ғимараттардың қабырғаларындағы ойықтар (терезелер) және желдететін фонарлар арқылы жүргізіледі. Негізінен ыстық өндіріс орындарында (мыс., темір соғылатын, құйылатын цехтар) қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |