Аша
Аша— қару орнына қолданылған, болаттан екі айыр етіп соғылған құрал. Онымен қарсы шапқан жауды шаншыған. Сабы көбінесе қайыңнан жасалады.[1] Тармағының арасы 10, ұзындығы 30 — 40 см. Көшпелі елдерде қару ретінде сирек қолданылған. Қазақстанның кейбір аймақтарында айырды да “Аша” деп атайды.[2]
Айыр
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аша, айыр- кемдегенде бір жағында ұзартылған, қатар орналасқан екі бөлігі бар тетік. Айыр - шөп, сабан сияқты мал азығын жинап көтеру үшін қолданылатын құрал. Айырдың ағаш және темірден жасалатын түрлері болады. Ағаш айыр екі не үш ашалы талдың сабағы мен бұтақтарын аршып, кептіру арқылы жасалады. Аша бұтақтарды жас кезінде бір бағытта сәл иіп, араларын жақындатып кергіш ағашқа таңып қояды. Әбден кепкен тал кергішке таңылған қалпын сақтап қалады. Одан соң оның қабығын аршып, ашаларын ұштап, сабын майдалап өңдейді. Темір айырдың басы заводта темірден құйып жасалады. Ол үш не төрт аша болады. Оның ұңғысына ағаш сап сұғып, шегемен бекітеді. Ағаш сап ұстауға ыңғайлы әрі қолды қажамайтындай болуы үшін мұқият жонып, жақсылап тегістейді.[3]
Артқы доңғалақ ашасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артқы доңғалақ ашасы- алдыңғы бөлігі қаңқаға топсалы бекітілген, мотоциклдің артқы доңғалағын бекітуге арналған маятникті аша.
Қардандық топса ашасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қардандық топса ашасы - қардандық білікте бекітілетін қардандық топсаның бөлігі.
Жүктеу ашасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүктеу ашасы - аккумуляторлық батареяның климмаларындағы электр кернеуінің жүктемесін анықтауға арналған аспап.
Алдыңғы доңғалақ ашасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алдыңғы доңғалақ ашасы - мотоциклдің немесе велосипедтің алдыңғы басқарылатын доңғалағына бекітілетін аша.
Берілістерді ауыстырыіі салу ашасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Берілістерді ауыстырыіі салу ашасы- берілістерді ауыстырып салу иіннің кемегімен муфтаны немесе тісті дөңгелекті жылжытатын ашалы иін.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Pitchfork |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |