Ахаггар
Ахаггар | |
Ахаггар тау сілемі. | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ең биік шыңы |
[[Тахат]] |
Биіктігі |
2918 м |
Орналасуы | |
23°17′ с. е. 5°32′ ш. б. / 23.283° с. е. 5.533° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 23°17′ с. е. 5°32′ ш. б. / 23.283° с. е. 5.533° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Ахаггар (араб.: جبال هقار, тамашек Ahaggar) немесе Хоггар — Орталық Сахарадағы (Алжир) Таманрассет қаласының шығысында орналасқан тау сілемі. Ең биік шыңы Тахаттың биіктігі - 2918 м, бұл - Алжирдың да ең биік орны.
Төбесі тегіс, беткейлері сатылы келген жоталар мен (орта биіктігі 800 м) базальтты үстірттер (орташа биіктігі 2000 м). Негізінен кембрий алдындағы жыныстарынан (гранит, гнейс, тақта тас) түзілген.
Платина, уран, алмас, никель кендері бар.
Жылдық орта жауын-шашын мөлшері 100 мм шамасында.
Флорасы: сауырағаш, мирта, пальма, қараған өседі.
Фаунасы: муфлон, гепард, арыстан мекендейді.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Ахаггар» | «Тахат шыңы» | «Жергілікті адамдар» |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ахаггар