Мазмұнға өту

Ара-балықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ара-балықтар
Қазбалық ауқымы: Upper Cretaceous–Recent
Pristis pectinata
Pristis pectinata
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Шеміршекті балықтар
Кіші табы: Elasmobranchii
Ұлы сабы: Batoidea
Сабы: Pristiformes
Тұқымдасы: Pristidae
Bonaparte, 1838
Тектері

Anoxypristis
Pristis

Ара-балықтар , аратұмсықты скаттар (Pristiformes) – шеміршекті балықтардың бір отряды. Тропиктік және субтропиктік аймақтардағы теңіздерде және барлық мұхиттардың тұзды суларында, тропиктік тұщы тоғандарда кездесетін 1 тұқымдасы, 1 туысы, 7 түрі белгілі. Су түбінде тіршілік ететін балықтар. Денесінің ұзындығы 6 м, салмағы 2400 кг. Денесі қысыңқы, кеуде жүзбеқанаттарының шеті басымен бірігіп кеткен, желбезек саңылаулары бауыр жағында орналасқан. Тұмсығы ұзын, екі қырында ара тәрізді жалпақ тістері бар. Балықтың аты осыған байланысты қойылған. Мұрты болмайды. Қорегі – омыртқасыз жануарлар, қорегін ара тәрізді тістерімен ұстайды, кейде ұсақ балықтармен қоректенеді. Ара-Балық әдетте тірідей не жұмыртқалап туады. Жергілікті кәсіптік маңызы бар балықтар, адамға қауіп төндірмейді. [1]

Ара-балық

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том