Апо
Апо тауы Филиппиндегі Минданао аралындағы үлкен стратожанартау болып табылады. Апо тауының ұшар басы жазық. Таудың үш шыңы бар. Апо тауы ені 500 м-ді қурайтың шағын көлдері бар жанартау кратерінен турады. Таудың атауы «шебер ата» деген мағынаны білдіреді. Апо тауы - теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан Филиппиндегі ең биік тау. Оның шыңдары аспанмен таласып тур.Апо тауы - биіктігі бойынша Азиядаәы екінші тау Бұл тау Котабатодаң Давао дель Сурдаң Агусандағы Даваодан бастап Солтүстік Минданаодағы Мисамис Ориенталға дейін созылып жатқан ұзын таулы үстірт болып табылады. Апо тауына Филиппиндегі альпинистер жиі көтеріледі. Себебі оның шыңына көтерілу оңай. Апо тауы - осы елдегі ең биік тау. Ол Давао қаласында бой көтерген. 1936 жылдың 9 мамырында президент Мануэль Л.Кесон Апо тауын «Ұлттық саябақ» деп жариялады. Жалпы тау 72796 га аумақты алып жатыр. Ол тропикалық ормандардаң өзендерден сарқырамалардаң түрлі өсімдіктер мен жануарлардан турады. Апо тауы - жойылуға айналған филиппин бүркіті үшін таптырмас мекен.Аталған тауға 1880 жылы 10 қазанда Дон Хоакин Раджал бастаған топ көтерілген болатын. Мұндағы көз тартарлық көрікті орындардың бірі - Филиппиндегі ең биік көлдер қатарына кіретің Апо тауының шыңына таяу орналасқаң аталған таудың көне кратері Ведано көлі болып табылады. Апо тауының атауы «шебер ата» деген мағынаны білдіреді.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Венадо көлінен қарағандағы Апо тауы және оның баурайы.
-
Филлипин Әуе Қарулы Күштерінің ұшығы Апо тауының үстінен ұшып бара жатыр.
-
Апо тауындағы күкірт ағып жатқан тесік.
-
Венадо көлі.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.