Аплит
Көрініс
Аплит (грекше – қарапайым, жай) лейкократты (ашық түсті) шомбал, ұсақ түйірлі дайкалық жыныс. Түсі қызғылттан аққа дейін болады. Аплиттер, негізінен, сиалдық минералдардан (калишпаттан, плагиоклаздан, кварцтан, нефилиннен) тұрады. Олар құрамына қарай габбо-аплит, диорит-аплит, гранит-аплит, сиенит-аплит болып ажыратылады. Олардың ішінде ең кең тарағаны – гранит-аплит аплит ұшпалы құраушыларынан айырылған қалдық магмалардың кристалдануынан түзіледі. Ол керамика өндірісінде қолданылады.