Александра Константиновна Костенюк
Александра Константиновна Костенюк | |
Мемлекеттер | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Лауазымы |
гроссмейстер (2004), әйелдер арасында әлем чемпионы (2008—2010) |
Максималды рейтингі |
2561 (қаңтар 2018) |
Актуалды рейтингі |
2501 Шахматшының id табылмады |
Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
| |
Ресми сайты | |
Александра Константиновна Костенюк (23 сәуір 1984, Пермь, КСРО) — ресейлік шахматшы қыз, гроссмейстер (2004), шахмат ойнау бойынша әлемнің он екінші чемпионы (2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін), Еуропа чемпионы (2004), Швецария чемпионы (2011), үш мәрте шахматтан олимпиада чемпионы (2010, 2012, 2014) және Ресей құрамасында болып командалық Еуропа чемпионатының үш мәрте чемпионы (2007, 2009, 2011 ж.). Жылдам шахмат бойынша әлемнің вице-чемпионы (2012), Фишер Шахматы бойынша екі мәрте жеңімпаз (2006, 2008), 2009 жылдан бастап «Единая Россия» партиясының мүшесі.
Пермь жерінде дүниеге келген, 1985 жылы ата-анасымен бірге Мәскеуге көшіп келген, 7 жасында астананың чемпионы атанған. 2003 жылы дене шынықтыру мен спорттың Ресейлік ұлттық университетін аяқтаған. 2011 жылы Александра Костенюк «Интеллектуалды ойындардың әдісі және тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша дене шынықтырудың Мәскеулік ұлттық академиясының магистратурасының бірінші курсына түскен.
«14 жаста қалай гроссмейстер атануға болады?» деген кітабын әкесімен бірге екі жылдан жазып бітірген. Кітап орыс, ағылшын, испан тілдерінде шығарылған.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі - Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Константин Костенюк оның бапкері болып табылады. Оның Оксана атты кіші сіңлісі бар, ол да шахматшы қыз.
Шахматшы қыздың тұрмысқа шыққан жары Швейцарияда туған, бірақ колумбиялық тамырлары бар, есімі - Диего Гарсес, өзінен 25 жасқа үлкен. Қазіргі уақытта жұбайы оның менеджері болып табылады. 2007 жылдың 22 сәуірінде олардың аты күйеуінің әжесінің құрметіне қойылған Франческа-Мария деген қыздары дүниеге келген.
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол шахмат ойнауды әкесінің көмегімен 5 жасында үйренген.
2001 жылы әйелдер арасындағы шахмат бойынша әлемнің вице-чемпионы, 2004 жылғы әйелдер арасындағы шахмат ойнау бойынша Еуропа чемпионы (Дрезден, Германия). Әйелдер арасындағы шахматтан Ресей чемпионы (2005), 2006 жылдың тамызында Александра Элизабет Петц атты қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанған, ал 2008 жылы Екатерина Лагно атты адамды жеңіп, өз дәрежесін қорғап қалған. Шахматшы қыздың 2008 жылдың 18 қыркүйегінде Нальчика жеріндегі турнирде әлем чемпионы атағына ие болуы мансап жолындағы ең үлкен жетістігі болып саналады. Осы жерде ол Хоу Ифань атты қытайлықты жеңеді.
2004 жылдың қараша айында Александра Костенюк ерлер арасында 10-ыншы халықаралық гроссмейстер атанған алғашқы әйел адам болды. Осыған дейін ол 14 жыл бойы әйелдер арасындағы гроссмейстер (әлемдегі ең жас гроссмейстерлердің бірі) және халықаралық шебер атағына ұмтылған.
Кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«14 жаста қалай гроссмейстер атануға болады? » Мәскеу 2001. 202, [2] б., [16] б. б. ISBN 5-89069-053-
Қалай шахматты үйретуге болады: мектепке дейінгі шахмат оқулығы / Александра Костенюк, Наталия Костенюк.Мәскеу: Russian Chess House, 2008. 142 б. ISBN 978-5-94693-085-7.
Шахмат патшаймының күнделігі .Мәскеу, 2009. ISBN 978-5-91148-012-7
Аңғартулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чемпионка мира Костенюк вступила в партию "Единая Россия" (рус.). Championat.com (20 мамыр 2009). Тексерілген 23 желтоқсан 2013. Архивировано из первоисточника 23 желтоқсан 2013.
Приказ о присвоении почётного спортивного звания «Заслуженный тренер России» № 9-нг от 9 ақпан 2010 ж.
Александров, Андрей. Гроссмейстер снялась в стиле Penthouse (рус.). Utro.ru (18 мамыр 2006). Тексерілген 23 желтоқсан 2013. Архивировано из первоисточника 19 желтоқсан 2009.
Указ Президента Российской Федерации от 25 қазан 2014 года № 680 «О награждении государственными наградами Российской Федерации»
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайтынан мәлімет
- «Ход королевы». «Российская газета» № 202 (4759) 25.09.08
- Александра Костенюк: «В шахматы играют красивые люди!» (Интервью. Спорт-Экспресс. 2008. 19 қыркүйек) Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2008 жылы.
- Интервью на сайте ChessPro
- Александра Костенюк - ресми сайты
- Биографический очерк в журнале «Интеллектуальные игры »
- Женщинам нужен свой «Оскар». Интервью на ChessPro.ru
- Александра Костенюк: «Главная задача — вырастить человека думающего». Эксклюзивное интервью «Нашей газете» (Швейцария)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Alexandra Kosteniuk |