Мазмұнға өту

Алай жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алай жотасыАлай аңғары мен Ферғана аңғарын бөліп тұрған Гиссар-Алай тау жүйесіндегі жота. Ол Қырғызстан мен Тәжікстан республикалары аумағында орналасқан. Ұзындығы 400 км, ең биік жері — 5539 м. Құмдақ сазды тау жыныстары мен тақтастардан түзілген. Биік таулы бедерінің көпшілік бөлігін қар мен мұздықтар басып жатыр. Тау етектері бетегелі-бозды құрғақ дала, орманды дала болып келеді. Альпі шалғындарын бұталар алмастырып отырады. Алай жотасында жалпы ауданы 811 м2 болатын мұздықтар, сондай-ақ шығыс бөлігінде Талдық асуы бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ ұлттық энциклопедиясы