Акантодтар
Acanthodii Қазбалық ауқымы: Early Silurian–Permian | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Diplacanthus longispinus cast at the Museum für Naturkunde, Berlin
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Акантодтар (лат. Acanthodii) – жойылып кеткен балықтардың қарапайым жеке класы. Кейде А-ды жақжелбезектілер деп те атайды. Бұлар тұщы суларда таралған. Акантодтың дене тұрқы орташа, тығыз жауып тұратын сүйекті тақташалармен қапталған. Жүзбеқанаттарының негізі жалпақ болып келген, ірі жұп көкірек, құрсақ жүзбеқанаттарының аралығында қосымша ұсақ жүзбеқанаттары болған. А-дың осы ерекшелігіне қарап ғалымдар, олардың ерте кезде денесінің екі бүйірінде болған тұтас қатпарлардың қалдығы, жұп жүзбеқанаттарының пайда болуына бастама берген деп жорамалдайды.
Акантодтардың арғы тектеріне тән жақ доғаларында жеке бунақтар сақталған. Денесі ұзынша, ұршық пішінді болған. Басы, денесі сүйекті тақташалармен және көптеген қабыршақтармен қапталған. Бас қаңқасы көбіне шеміршекті кейде сүйектенген. Жақ доғасы үлкен, үстіңгі жағы 3 – 4, ал астыңғы жағы 1 – 2 элементтен түзілген. Көпшілік түрлерінде желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылып, кейбіреулерінде сүйекті желбезек қақпақтар пайда болған. Жақ және тіласты доғаларының арасында желбезек саңылаулары сақталған. Олардың белдеулері мен жұп желбезекқанаттарының қаңқасы қазіргі кездегі шеміршекті балықтардың қаңқасына ұқсас болған. А. палеозойдың девон кезеңінде тіршілік етіп, пермьде біржола жойылған. Қазіргі кезде А-дың бір тармағынан шеміршекті балықтар, екінші тармағынан сүйекті балықтар пайда болған деп болжам жасалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |