Айдаһар нұсқасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Айдаhар (мағына) деген бетті қараңыз.

Айдаһар нұсқасы1. e4 c5 2. Kf3 d6 3. d4 cd 4. K:d4 Kf6 5. Kc3 g6 жүрістерінен соң сицилиан қорғанысында пайда болатын жүйе. Қаралардың патшалық (қараалаңдық) пілінің шеткі дамуымен сипатталады. Бұл атау қара пешкалар орналасуының Айдаһар шоқжұлдызымен ұқсастығынан туған. жартылайашық бастамаларға жатады.

Бұл жүйені Л. Паульсен, Лёвенталь, Эм. Ласкер, Мароци, Капабланка, Тартаковер, Алехин, Ботвинник, Решевский, Лилиенталь, Болеславский, Сабо, Смыслов, Геллер, Петросян, Ларсен, Горт, Портиш, Таль, Спасский, Фишер, Карпов сияқты ірі шахматшылыр қолданып, талдаған.

Шығу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл жүйе XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Ол заман үшін мұндай жоспар шынайы төңкеріліс сынды еді, өйткені онда ашық бастамалар үстем болды, ал жартылайашық немесе жабық қолданылса, олар да ашық ойын принципімен (қарсылас жақтың патшасын көздеген фигуралардың жылдам дамуы) дамытылатын. Сицилиан қорғанысында бұл принциптарға көбінесе a3—f8 диагоналына пілді дамытуға байланысты қараларды жоспарлау сәйкес. Мысалы: 1. e4 c5 2. Kf3 Kc6 3. d4 cd 4. K:d4 e6 5. Kc3 Cb4 (сицилиан шабуылы) немесе 1. e4 c5 2. Kf3 e6 3. d4 cd 4. K:d4 Cc5. Демек, Морфи — Паульсен (1857) жарысының барлық партиялары басталған, оларда қаралармен Луи Паульсен ойнаған.

Мүмкін, нақ осы жоспарды қолдану сәтсіздігі Паульсенді қараларға болысудың сенімдірек жүйелерін іздеуіне түрткі болған шығар. Лондон турнирында (1862) ол ақтармен ойнаған Стейницаға қарсы партиясын былай: 1. e4 c5 2. Kf3 g6 бастады. Осылайша Айдаһар нұсқасы дүниеге келді..

  • 6. Cf1-e2 – Классикалық вариант
  • 6. Cf1-c4
  • 6. Cc1-g5
  • 6. f2-f4 – Левенфиш шабуылы
  • 6. g2-g3 – қарсы фианкетто
  • 6. Cc1-e3 Cf8-g7 7. f2-f3 0-0 8. Фd1-d2 Kb8-c6 – Раузер
    • 9. 0-0-0
    • 9. Cf1-c4 Kc6:d4
      • 9... Kf6-d7
      • 9... Cc8-d7 10 Cc4-b3 Фd8-a5
        • 10...Лa8-c8 11 0-0-0 Kc6-e5 12 h2-h4
          • 12 Kpc1-b1 Лf8-e8
            • 12...Ke5-c4