Австралопитек
Австралопитек (лат. «australis» — оңтүстік, грек, «pitekos» — маймыл) — жойылып кеткен, қаңқа қалдықтары Африканың шығысынан табылған ең ежелгі екі аяқты гомининдердің бірнеше түрі. Австралопитекдің қаңқалары алғаш 1924 ж. Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлінде, Таунгс маңынан табылған. Кейін Шығыс және Ортлық Африканың басқа да жерлерінен бас сүйек қалдықтары табылды. Австралопитектерді ағылшын ғалымдары Р. Дарт (1924 ж.), М. Лики, Л. Лики (1959—1962 ж.), американ антропологтары Д. Джохансон, М. Иди (1959—1962 ж.) зерттеген. Австралопитектің бойлары аласа, бас сүйегі мен миы шағындау (500—600 см³), жақ сүйектері үлкен, көздерінің айналасы шұңқыр, мандайы кең, саусақтары ұстауға икемді болған.
Адам тәрізді маймылдарға салыстырғанда Австралопитектердің аяқтары қолдарынан ұзын, тік жүруге бейімделген. Ашық алқаптарды мекендеген, негізінде өсімдіктермен қоректенген. Өздеріне қажетті қарапайым еңбек құралдарын жасауға қабілеттері жеткен. Таяқтарды, жануарлар сүйектерін ұштап, өткірлеп, кару ретінде қолданған. Австралопитектер: Олдувайлық бойстық (зинд-жантроп), африкалық (Оңтүстік Африка), Шамбал (парантроп), «адам тектес» (Homo habilis) деген түрлерге бөлінеді. Бұлар "тік жүретін адам" - Һомо Еректустың (Homo erectus) арғы тегі болуы мүмкін.
Қазақстанда Австралопитектердің мекендері, құралдары, сүйек қалдықтары Қаратау, Жетісу, Сарыарқа, Балқаш, Маңғыстау, Мұғалжар өңірлерінен табылды.
Австралопитектер қоныстарын 1958—1959 ж. X. Алпысбаев, 1993 ж. Ж. Таймағамбетов зерттеді. Жиналған материалдар Австралопитекдің бұдан 2,5—4 млн жыл бұрын өмір сүргенін көрсетеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік I-том қазақмемлекетбаспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |