Ілбі
Көрініс
Ілбі | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Ілбі, вульпия (лат. Vulpia) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жерорта теңізі аймағына тараған 23 түрі белгілі. Қазақстанда Солт. және Батыс Тянь-Шаньнің құрғақ жерлеріндегі төм. тау беткейлерінде өсетін 2 түрі: егеуқұйрық ілбі (V. myuros) және иран ілбісі (V. persіca) бар. Олардың биікт. 10 – 40 см, сабағы түзу, жіңішке, кейде иілген, жалаң. Гүлшоғыры масақ тәрізді сыпыртқы. Масағы қысқа немесе ұзынша сабақты, жоғарғысы отырыңқы 4 – 8 гүлді. Масақ қабыршағы екеу, ұзынша, үшкір. Гүлқабыршағы жіңішке, таспа-қандауыр тәрізді, ұзындығы 7 мм, бес жүйкелі, ұшы қылтанды. Аталығы біреу. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. І. – малазықтық шөп.[1]
Пайдаланылған cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |