Мотобол

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:26, 2024 ж. сәуірдің 10 кезіндегі Omarova. ayagul (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Кіріспе бөлімін өңдеді)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мотобол[1] – командалық спорт ойыны. 20 ғасырдың басында Францияда ] пайда болған. 1932 жылдан әлемнің, 1937 жылдан Еуропаның чемпионаты өтіп келеді. Ойынның мақсаты - қарсы команданың қақпасына мүмкіндігінше көп доп енгізу. Ойын үсті тегіс, ауданы 90х45 м алаңда өтеді. Алаңның қарама-қарсы бетіне аумағы 7х2 м қақпа орнатылады. Мөлшері 90-100 см келетін үрме доппен өтетін ойын әрқайсысы 30 минуттық екі таймнан тұрады. Әр командадағы 7 немесе 5 ойыншының біреуі қақпашы. Бір таймнан соң қақпа алмастырылады. Допты [мотоцикл|мотоциклдің] алдыңғы, артқы дөңгелектерімен соғуға, аяқпен тебуге болады, бірақ қолмен ұрылмайды. Алаңға шыққан мотоциклдердің қуаты бірдей болуы және әр команда біркелкі киім киюі тиіс. Ойын мотоциклді шебер жүргізуге, ептілікке, батылдыққа тәрбиелейді. Қазақстанда ] “Локомотив” ерікті спорт қоғамының мотоболшылары 1960 – 78 ж. арасында КСРО ] чемпионатының “А” класы тобында ойнады. Қазақстан мотоболшылары 1960 – 63, 1967, 1975 ж. КСРО чемпиондары атанды.

Мотобол - мотоциклет спортының ойын түрі, мотоциклде отырған екі команда арасындағы доп ойыны.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.