Рональд Куман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Рональд Куман Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 наурыз 1963 (1963-03-21) (61 жас)

Туған жері

Зандам, Нидерланд

Азаматтығы

 Нидерланд

Бойы

181 см

Позиция

қорғаушы
жартылай қорғаушы

Жастар клубы
Нидерланд ВЕК
Нидерланд Гронинген
Клуб карьерасы[* 1]
1980—1983 Нидерланд Гронинген 90 (34)
1983—1986 Нидерланд Аякс 94 (23)
1986—1989 Нидерланд ПСВ 98 (51)
1989—1995 Испания Барселона 192 (67)
1995—1997 Нидерланд Фейеноорд 61 (19)
1980—1997 Барлығы 535 (194)
Ұлттық құрамы[* 2]
1983—1994  Нидерланд 78 (14)
Бапкерлік карьерасы
1997—1998 Нидерланд Нидерланд
1998—2000 Испания Барселона
2000—2001 Нидерланд Витесс
2001—2005 Нидерланд Аякс
2005—2006 Португалия Бенфика
2006—2007 Нидерланд ПСВ
2007—2008 Испания Валенсия
2009 Нидерланд АЗ
2011—2014 Нидерланд Фейеноорд
2014—2016 Англия Саутгемптон
2016—2017 Англия Эвертон
2018—2020  Нидерланд
2020—2021 Испания Барселона
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Рональд Куман (нидер. Ronald Koeman , [ˈroˑnɑlt ˈkumɑn]; 1963 жылы 21 наурызда туған, Зандам, Нидерланд) — нидерландтық футболшы және футбол тренері. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының экс-футболшысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионы. Әлемдегі көрсеткіші жоғары қорғаушы[1]. Айып доптарын керемет орындай алатын шеберлігімен ерекшеленген футболшы.

Кәсіпқой футболшы Мартин Куманның ұлы. Інісі Эрвин Куман да кәсіпқой футболшы.

Клубтық карьерасын 1983 жылы "Гронинген" сапында бастады. 1983 жылы "Аяксқа" ауысып, 1985 жылы Нидерланд чемпионы атанды. Кейін ПСВ клубында үш жылдай доп тепті (1986-89). Осы аралықта Чемпиондар кубогын (1987 жылы) ұтып алды. 1989 жылы "Барселонаға" ауысқан соң да біраз жүлдеге қол жеткізді: 1992 жылы Чемпиондар кубогын тағы да жеңіп алды, төрт рет Испания чемпионы атанды. 1997 жылы "Фейеноорд" сапында ойнап жүріп футболшылық карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрамада 1983-94 жылдары ойнап, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды. Одан бөлек 1992 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. 1990, 1994 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

2018 жылы 6 ақпан күні Нидерланд құрамасының бас бапкері боп тағайындалды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

«Аякс»

  • Нидерланд чемпионы (1): 1984/85
  • Нидерланд кубогы (1): 1985/86

ПСВ

  • Нидерланд чемпионы (3): 1986/87, 1987/88, 1988/89
  • Нидерланд кубогы (2): 1987/88, 1988/89
  • Чемпиондар кубогы (1): 1987/88

«Барселона»

  • Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94
  • Испания кубогы (1): 1989/90
  • Испания суперкубогы (3): 1991, 1992, 1994
  • Чемпиондар кубогы (1): 1991/92
  • УЕФА суперкубогы (1): 1992

Ұлттық құрамада

  • Еуропа чемпионы: 1988

Жеке жетістігі

  • Нидерландының үздік футболшысы: 1987, 1988

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Аякс»

  • Нидерланд чемпионы (2): 2001/02, 2003/04
  • Нидерланд кубогы (1): 2001/02
  • Нидерланд суперкубогы (1): 2002

«Бенфика»

  • Португалия суперкубогы (1): 2005

ПСВ

  • Нидерланд чемпионы (1): 2006/07

«Валенсия»

  • Испания кубогы (1): 2007/08

Барселона

  • Испания кубогы (1): 2020/21

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]