Ақбауыр жарқанат
Ақбауыр жарқанат | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Otonycteris hemprichii Peters, 1859 |
Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]
Статус
[өңдеу | қайнарын өңдеу]III-шы санат. Зерттелмеген, сирек кездесетін түр.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның оңтүстік бөлігіне енген жерорта теңізі жағалауының сирек өкілі.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда екі жерден ғана: бірі – Қаратаудың батыс жағындағы Ақмешіт үңгірінен, екіншісі - Үстірттің батыс шыңындағы Көгесем құдығы төңірегінен табылып отыр. Түркімениядағы Үлкен Балқаш тауларынан да (Үстірттен оңтүстікке қарай 400 км) табылды.
Мекендейтін жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаратаудағы Ақмешіт үңгірі төңірегіндегі шөлейтті жерлер, тасты шұңқырлар, ал Үстіртте су көздеріне жақын сазды биік қыраттар. Ақмешіт үңгірінде жарқанаттардың басқа да бес түрі мен бірге тіршілік етеді. Көрші Түрікменстанда ақбауыр жарқанаттар көбіне таулар мен олардың етектерінде тіршілік етеді. Тасты, жартасты жазық жерлерде де табылған. Баухыз ауданында және Кюрендаг тауларында да мекендейді. Өзбекстанда шөлді жерлерде және тау етектерінде 1000 м биіктікке дейін өмір сүреді.
Саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда мәлімет жоқ. Таралінның басқа жерлерінде саны 30-дай ақбауыр жарқанаттың колониясы кездескен (көбею кезінде).
Негізгі шектеуші факторлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Белгісіз.
Биологиялық ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол туралы Қазақстанда мәлімет жоқ. Орта Азияда зерттеулер мынаны көрсетеді: Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке жүрсе, ұрғашылары-шағын топ құрып өмір сүреді. Қараңғы түсе аңшылыққа шығады. Қалмақтап ұшуы құстардың ұшуына ұқсайды. Насекомдарды жер бетінен 2-3 м биіктіктен ұстайды. Оны жер бетінен 20-25 м биіктікте сирек кездестіресіз. Негізгі азықтары – қоңыздар, инеліктер, көбелектер. Кейде тіршілік ететін мекендерінен кесірткелерді де ұстайды. Әр аналық көбіне 2-ден Өсім береді. Жас жарқанаттар тез өседі және шілде айында өзінше қоректерін аулауға кіріседі.[2]
Қолда өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәлімет жоқ.
Қабылданған қорғау шаралары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үстірт қорығында және Орта Азия мемлекеттерінің көптеген қорықтарында қорғалады.
Қорғауды керек ететін шаралар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Анықталған жоқ.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биологиясын зерттеу керек.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- ↑ Стрелков, 1976; 2. Стрелков, Шаймарданов, 1983; 3. Стрелков, 1985
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |