Сфера (гр. sphaіra – шар)[1], математикада – барлық нүктелері бір нүктеден (сфера орталығынан) бірдей қашықтықта болатын тұйық бет. Сфера орталығын оның кез келген бір нүктесімен қосатын кесінді (сондай-ақ оның ұзындығы) сфераның радиусы деп аталады. Сфера бетінің ауданы:
S = 4pR2, мұндағы R – сфера радиусы.

Сфера

Сферамен шектелген әрі орталығы бар кеңістіктің бөлігі шар деп аталады. Шардың көлемі:
V = 3/4pR3

Аналитикалық геометрия тұрғысынан сфера 2-ретті центрлік бетке жатады. Оның тік бұрышты координаттар жүйесіндегі теңдеуі
(x–a)2+(y–b)2+(z–c)2 = R2 түрінде жазылады, мұндағы a, b, c – сфера орталығынің координаттары (қараңыз Сфералық геометрия, Сфералық тригонометрия).[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2