Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «μικρός» - аз, шағын, «φωνη» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген.

A Neumann U87 condenser microphone

Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал.

Микрофондардың сұлбада шартты белгіленуі

Микрофонның жұмыс істеу процесі

өңдеу

Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.

Микрофондардың жіктелуі

өңдеу

Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп.

Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар

Сонымен бірге,

Радиода, теледидарда

Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дизайндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

Конденсаторлы микрофон

өңдеу

Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған.

«Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесе шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымша ток күшінің қажеті жоқ.

Микрофондар сезімталдығы

өңдеу

Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта әр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан әсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады:

Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.[1][2]

Сілтемелер

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Microphones

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0