(22) Каллиопа
Көрініс
2021 жылғы фотода | |
Ашылу деректері | |
---|---|
Кім ашқан: | Дж. Р. Хайнд |
Ашылған күні: | 16.11.1852 |
Санаты: | Негізгі белдеу |
Орбиталық сипаттамасы[1] | |
Дәуірі 23.07.2010 | |
Афелиі: | 479,282 млн ш |
Перигелиі: | 391,404 млн ш |
Үлкен жарты осі: | 2,9112 а. б. |
Эксцентриситет: | 0,10213 |
Орбитамен айналу: | 4,96 жыл |
Орташа орбит. жылд-ғы: | 17,415 ш/с |
Мағыналы ауытқысы: | 282,54° |
Орбитаның қиғаштығы: | 13,703° |
Үдемелі түйін бойлығы: | 66,17° |
Перигелий аргументі: | 355,03° |
Серіктері: | Линус |
Физикалық сипаттамалары | |
Диаметрі: | 235×144×124 шақырым |
Массасы: | 8,2·1018 кг |
Тығыздығы: | 3,35±0,33 г/см³ |
Біліктік еңкейісі: | 103° |
Альбедо: | 0,19 |
Спектр түрі: | M |
Абс. жұлд. шама: | 6,45 |
(22) Каллиопа — Негізгі белдеудегі үлкен астероидтардың бірі.
Оны 1852 жылы 16 қарашада Джон Рассел Хайнд Ұлыбританиядағы Бишоп обсерваториясында ашты. Ежелгі грек мифтерінен белгілі болған эпостың музасы құрметіне орай аталды.
2001 жылдың 29 тамызында астероидтың серігі бар екені анықталды. Оған Линус деген атау берілді, бұл мифтегі Каллиопаның ұлы еді. Линустың диаметрі 28 шақырымға тең және ол Каллиопаның ортасынан 1100 шақырым қашықтықта орналасқан.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ JPL Small-Body Database
- ↑ Descamps, P.; Marchis, F. et al. (2008). "New determination of the size and bulk density of the binary asteroid 22 Kalliope from observations of mutual eclipses". Icarus 196 (2): 578–600. arXiv:0710.1471. Bibcode 2008Icar..196..578D. doi:10.1016/j.icarus.2008.03.014.