Мазмұнға өту

Өрік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өріккәдімгі өрік және оған туыстас ағаштардың жемістері. Сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Жылда жеміс береді.

Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 – 70 г.

Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар.

Жемісінің құрамында 4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 – 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 – 58% май болады.

Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жемісті кептірілген және өңделген күйінде пайдаланады.

Өріктен тосап, шырын, мармелад, персипан жасайды, десерт ретінде қолданады.

Өріктің жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.