Мазмұнға өту

Ән-Нәуәуи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Муһи әд-Дин Әбу Зәкария ибн Шараф ибн Мурра ибн Һасан ибн Һусеин ибн Муһаммад ибн Джум’а ибн Һизам ән-Нәуәуи (араб.: ‏محيي الدين أبو زكريا يحيى بن شرف بن مري بن حسن بن حسين بن محمد بن جمعة بن حزام الحزامي الدمشقي النووي الشافعي ‎; 1233, Нәуә1278, сол жерде)

Ән-Нәуәуи муһәррам айында һижраның 631 жылы, Сирияның Нәуә аулында дүниеге келген. Әкесі оның бойында жастайынан ілімге құштарлық және маһаббат оятқан, 649-ыншы жылы Дамаскқа апарып діни ғылымдарды үйреткізе бастайды.

655-ыншы жылдан бастап Ашрафия медресесінде мұғалім болады.

Имам ән-Нәуәуи екі рет қажылыққа барады.

Өмірінің соңында Қудс пен әл-Һалилге (Хеврон) барып келеді.

Ол һижраның 676 жылының раджаб айында өз туған аулында ауырып қайтыс болады. Бейіті де сол жерде

Имам ән-Нәуәуи өзінің білімімен, аскетизмімен және бүкіл уақытын жанжақты білім алу мен Аллаһқа құлшылық жасаумен өткізгенімен танымал.

Ән-Нәуәуи шафиилік мәзһабқа бағынған.

Ән-Нәуәуи шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рийәд-әс-Солиһин (Салиһалылар Бағы) (араб.: رياض الصالحين‎)
  2. Ырбәунә Нәуәуи (Таңдаулы қырық хадистер) (араб.: الأربعون النووية‎)
  3. Шәрһ Сәһиһ Муслим (Муслим ибн әл-Хәджәдждің сәһиһ һадистеріне талқылау) (араб.: شرح صحيح مسلم بن الحجاج‎)
  4. Шәрһ Сунан Әби Дәуід (Әбу Дәуідтің сәһиһ һадистеріне талқылау) (араб.: شرح سنن ابي داود‎)
  5. Әл-Әзәкәр (араб.: الأذكار‎)
  6. Мәнхәж әт-Толибин (араб.: منهاج الطالبين‎)
  7. Әл-Мақасид (араб.: المقاصد‎)

Ырбәунә Нәуәуи

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Имам ән-Нәуәуидің «Ырбәунә Нәуәуи» кітабында діннің ең маңызды бөліктерін қамтитын қырық һадис жазылған. Әр һадис Исламның ең үлкен негіздерінің бірі болып табылады, сол һадистерді әлімдер Исламның тіректері деп атаған. Бұдан басқа, аутор осы һадистердің тек сәһиһ (тура) болғанына, және олардың көпшілігі «Сәһиһ әл-Бухари» мен «Сәһиһ Муслим»де болуын қадағалаған. Ән-Нәуәуиден кейін де дейін де қырық һадис талдаған көп ішінде Нәуәуидің «Ырбәунә Нәуәуи» атты еңбегі күллі мұсылман әлемінде ең танымал әрі ең кең тарағаны.

һадис 1 Амал(іс) тек ниетке қарай өлшенеді (әл-Бухари мен Муслим). һадис 2 Ислам, сенім мен тазажүректілік (Муслим, Әт-Тирмизи, Әбу Дәуід, ән-Нәсә’и). һадис 3 Ислам тіректері және оның негізі (әл-Бухари, Муслим, әт-Тирмизи, ән-Нәсә’и, және имам Аһмад). һадис 4 Стадии творения человека и завершение этого творения(Аль-Бухари, Муслим). һадис 5 Дінге сай емес нәрсе мен жаңалық қатудың жағымсыздығы жөнінде (Әл-Бухари, Муслим, Әбу Дәуід пен Ибн Маджа).

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Al-Nawawi