Мазмұнға өту

Әзербайжан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Әзірбайжан бетінен бағытталды)
Координаттар: 40°06′00″ с. е. 47°19′00″ ш. б. / 40.10000° с. е. 47.31667° ш. б. / 40.10000; 47.31667 (G) (O) (Я)
Әзербайжан Республикасы
әз. Azərbaycan Respublikası
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Odlar Yurdu
(Оттар мекені)»
Әнұран: «Azərbaycan Marşı» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 28 мамыр 1918 жыл (КДФР-дан)
30 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі әзербайжан тілі
Елорда Баку
Ірі қалалары Баку, Гәнжә, Сұмқайыт, Леңкәрән, Миңгешеуір, Нахшыван, Ширван, Ханкенді, Хырдалан
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Премьер-министрі
Ильхам Әлиев
Мехрибан Әлиева
Әли Асадов
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 111- орын
86 600 км²
1,6
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

10,000,000[1] адам (91-)
115 адам/км² (99-)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

178,470 млрд.[2] $ (73-)
17,954[2] $ (75-)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

45,592 млрд.[2] $ (88-)
4,586[2] $ (106-)
АДИ (2017) 0,757[3] (жоғары) (80-)
Валютасы Әзербайжан манаты
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .az
ISO коды AZ
ХОК коды AZE
Телефон коды +994
Уақыт белдеулері +4

Әзербайжан[4][5][6][7] (Әзірбайжан,[8][9] әз. Azərbaycan), ресми атауы — Әзербайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Оңтүстік-Шығыс Кавказда орналасқан тәуелсіз мемлекет. Ол солтүстікте Ресейдің Дағыстан Республикасымен, оңтүстікте Иранмен және батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахшыван Автономиялы Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 10,067 млн. адам (2020).[10]

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 00С-тан 30С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 270С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі Әзербайжан (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.

Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі.

Біздің заманымыздан бұрынғы III–II ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды.

Біздің заманымыздың IV ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. VIII ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. IX ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. XI ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды.

Әзербайжан халқы негізінен XI–XIII ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 1230 жылдарда Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. XI ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. XI ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 1630 жылдардың аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723–1735 жылдары Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды.

1805–1813 жылдары және 1826–1828 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды. 1917 жылғы қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылғы 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты.

1991 жылғы 30 тамызда Әзербайжан Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылғы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ауыл-шаруашылығы

Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.[11]

Саяси мәдениет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі заңы — 1995 жылғы 12 қарашада қабылданған Конституциясы. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — тұрақты парламенті (Ұлттық Мәжіліс). Атқарушы үкіметтің жоғары органы — Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Астанасы — Баку қаласы.

Әзербайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Қарабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Қарабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзербайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – Әзербайжан тілі.

Әзербайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген Әзербайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында Әзербайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 94%-ын, орыстар 1%-ын, лезгиндер 1%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. 2023 жылға дейін де-факто Таулы Қарабақ республикасы жойылып, барлық армяндар қашып кеткенде, армяндар халықтың 1%-дан астамын құрады. Негізінен, әзербайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері — Базардүзі (4,466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Арас ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25–27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері — Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқкиімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

Машина жасау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің; дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.

Көлік жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзербайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. БакуТүрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзербайжан посткеңестік елдер арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

Cыртқы экономикаcы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әзербайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзербайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзербайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.[12]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Azərbaycan əhalisinin sayı 10 milyon nəfərə çatıb (Azerbaijani). The New Azerbaijan Party (6 April 2019).
  2. a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
  3. Human Development Report 2016 – "Human Development for everyone". United Nations Development Programme (2016). Тексерілді, 21 наурыз 2017.
  4. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі  (қаз.). Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі. Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  5. Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді  (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (11 наурыз 2024). Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  6. Әзербайжан Республикасы  (қаз.). ТҮРКСОЙ. Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  7. Әзербайжан Елшілігі Қазақстан Республикасы  (қаз.). Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі. Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  8. Тарихы  (қаз.). Әзірбайжанның Қазақстандағы елшілігі. Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  9. Әзірбайжандар | Этнос | Ассамблея народа Казахстана  (қаз.). Қазақстан халқы ассамблеясы. Тексерілді, 2 сәуір 2024.
  10. Population / Statistical yearbook / Population of Azerbaijan.
  11. Балалар Энциклопедиясы, II том
  12. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Қаймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9