Мазмұнға өту

Құмтышқан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құмтышқан
Тырнақты құмтышқан, Meriones unguiculatus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Тұқымдасы: Аламантәрізділер
Тегі: Құмтышқан (Meriones)

Құмтышқан (лат. Meriones) - кеміргіштер отряды, аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқандар туысы.

Биологиялық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Дене тұрқы 15-19 см, салмағы 138-160 гр.
  • Арқа жүнінің түсі қызғылт сұр, бауыры - ақ.
  • Құйрығының ұшында қара сұр шашағы болады.
  • Күрек тістерінің алдыңғы жағында 1-2 қатар сары жолағы болады.

Қоректенуі және көбеюі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

60-қа жуық өсімдік түрлерімен, сондай-ақ жәндіктермен (көбею кезінде) қоректенеді.
Тереңдігі 45-75 см-ге дейін ін қазып, көбіне түнде белсенді тіршілік етеді. Наурыздан қыркүйекке дейін 2-3 рет көбейіп, 2-10-ға дейін балалайды. Ерте көктемде туған тышқандар шілде-тамыз айларында толық жыныстық жағынан жетіледі, жаздың аяғында туғандары тек келесі көктемде ғана көбеюге қатынасады. Сан мөлшері жыл ерекшелігіне, маусымға байланыста өзгеріп отырады.
Жаулары - түнгі жыртқыш құстар мен аңдар.

Таралу аймағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер бетінде шөлді далалар мен шөлейтті аймақтарда кездеседі. Қазақстанда батыс, оңтүстік, шығыс аудандарындағы құмды шөлдерде кең тараған.

Құмтышқан ағаш бұтағын зақымдап, жер қазып, топырақты кептіріп зиян келтіреді.
Денесінде кене, бүрге, бит болады, ал ішкі органдарында гельминттер (құрттар) тіршілік етеді. Сондықтан құмтышқандар эпидемиологиялық және эпизоотиялық (малда болатын індет) жұқпалы аурулар таратады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5