Қазақмыс
Қазақмыс | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды |
1992 |
Бұрынғы атауы |
Kazakhmys PLC |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Владимир Ким (президент) |
Саласы |
металлургия, |
Өнімі |
Катодты мыс, құймалардағы алтын, түйіршіктердегі күміс, мыс сым, концентраттағы мырыш |
Айналым |
883,475 млн теңге (2020); 718,087 млн теңге (2019) |
Операциялық кірісі |
168,302 млн теңге (2020); 103,817 млн теңге (2019) |
Таза табыс |
115,422 млн теңге (2020); 63,907 млн теңге (2019) |
Қызметкерлер саны |
Шамамен 37 000 адам (2020) |
Еншілес компания |
«Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Kazakhmys Distribution» ЖШС, «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС, «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС, «Kazakhmys Coal» ЖШС, «Kazakhmys Barlau» ЖШС, «Maker» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС |
Сайты |
Қазақмыс корпорациясы — Қазақстанның алдыңғы қатарлы тау-кен және металлургия компаниясы.
Компанияның негізі Балқаш көлі ауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланды. 1992 жылы «Джезказганцветмет» атауымен акционерлік қоғамға айналды. 2005 жылдың қазанында Лондонның қор биржасына шығады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ «Самсунг Дойчланд ГмБх» Оңтүстік Корея корпорациясының басқаруына тапсырылды. ҚР Үкіметінің бұл шешімі КСРО ыдырағаннан кейін қиын жағдайға тап болған комбинаттарды көтеру үшін инвесторларды, инвестицияларды және озық шетелдік тәжірибені тарту мақсатында қабылданды. Осы сәттен бастап «ЖТМ» АҚ 5 жылға осы корпорацияның басқаруына өтті. 1997 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ «Қазақмыс корпорациясы» ашық тұрпатты акционерлік қоғамы болып өзгертілді. 1999 жылы ол ашық акционерлік қоғам, 2003 жылы акционерлік қоғам болып қайта аталды. 2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы» АҚ атауы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болып өзгертілді. 2014 жылы «Қазақмыс» тобы екі компания болып қайта құрылды: жеке (көпшілікке жарияланбайтын) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және көпшілікке жарияланатын KAZ Minerals PLC. Көпшілікке жарияланбайтын компанияға Қарағанды облысының кәсіпорындары мен объектілері және Шатыркөл кеніші кірді. Жария компанияның артында Шығыс Қазақстан облысының жобалары және Қырғызстандағы кеніш қалды.[1]
Меншік иелері және басшылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]70% иелену пайызы бар топтың соңғы бақылаушы мүшесі Ким Владимир Сергеевич. Топқа иелік етудің 30%-ы Нұриев Нұрахмет Қанатұлына тиесілі.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақмыс" концентратта мыс шығару бойынша әлемде 20-орынды (271 мың тонна) және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынды (тиісінше алыс-беріс шикізатын ескере отырып, тиісінше 377 және 365 мың тонна) алады.
2020 жылы "Қазақмыс" Тобының қосқан үлесі Қазақстан Республикасына күміс өндіруші елдердің әлемдік рейтингінде 11-орында тұруға мүмкіндік берді (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%).
Электр энергиясын өндіру бойынша топ 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7 267,53 млн кВт/сағ болатын Қазақстанда 3 орын алады.
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Kazakhmys Plc-тың негізгі еншілік мекемесі – «Корпорация Казахмыс» ЖШС – Қазақстанда 19 жер асты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар. Kazakhmys Plc сонымен қатар Қазақстандағы теміржол жүйесінің басым бөлігіне және Германияда мыс өнімін шығаратын МКМ мекемесіне иелік етеді. Kazakhmys Gold (Kazakhmys Plc-тың еншілік мекемесі) Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады.
Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.
Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды.
Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді.