Шүрілдектер
Шүрілдектер | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Aegialites / Aegialitis |
Шүрілдектер (лат. Charadrius) – татреңтәрізділер отрядының бір туысы. Бұл құстардың дене тұрқы 15 – 25 см, мойны, аяғы қысқа, тұмсығы түзу, аса ұзын болмайды. Арқасы сұрғылт немесе саз түстес, бауыры ақ, кейбіреуінің жемсауында көлденең орналасқан жирен жолағы болады. Қанаты үшкір. Жерде жақсы жүгіреді. Жер шарында кең тараған (Антарктикада ғана кездеспейді), 23 түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 7 түрі:
- қарғылы шүрілдек (Charadrius hiaticula)
- шаушүрілдек (Charadrius dubius)
- жуантұмсық шүрілдек (Charadrius leschenaultii)
- келтетұмсық шүрілдек (Charadrius mongolus)
- сарысағақ шүрілдек (Charadrius asiaticus)
- шығыс шүрілдегі (Charadrius veredus)
- теңіз шүрілдегі (Charadrius alexandrinus)
Жиі кездесетін шау шүрілдектің дене тұрқы 18 см-дей, салм. 30 – 40 г. Тұмсығы қысқа, аяғы да онша ұзын емес. Арқасы қоңыр сұр, бауыры – ақ, басы, мойны және жемсауы – қара ала. Жер бауырлай ұшады, шапшаң жүгіреді, малта тастардың арасынан оларды байқау оңай емес. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасында ұшып келіп, жерді шұңқырлап, төсенішсіз ұя жасайды. Ондағы 4 ала жұмыртқаны ата-енесі кезек басып, 24 – 26 күнде балапан шығарады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Қыркүйектің аяғында қыстау үшін Африка мен Азияның оңтүстігіне ұшып кетеді.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Видео
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — орнитология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |