Хабуб
Көрініс
ХАБУБ (араб. — сұрапыл дауыл) — Африканың солт.-шығысындағы (негізінен Судан мен Египет жерінде) және Аравия түбегіндегі шаңды немесе құмды дауыл. Шөлден келетін суық атмосф. шептің тез араласуынан (жекелеген ұйтқыма желдің күші 60 км/сағ) қалың бұлт пайда болып, кейде биікт. 1,5 м және ені 30 км-ге жететін «қалың қою шаң» қабаты түзіледі. Әдетте бірнеше сағатқа созылады, кейде найзағайлы қатты нөсер жауынның бастамасы болады. Көбіне мамыр — қазан айларында (Хартумде жылына 24 рет) соғады.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Ньяла әуежайы
-
Финикс, Аризона, 22 тамыз, 2003 ж.
-
Ирак, 27 сәуір, 2005 жыл
-
Ирак, 2006 ж.
Әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы», Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |