Дмитрий Андреевич Фурманов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Фурманов Дмитрий Андреевич бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дмитрий Андреевич Фурманов
Туған күні

26 қазан 1891 (1891-10-26)

Туған жері

Середа, Кострома губерниясы, Ресей Империясы

Қайтыс болған күні

15 наурыз 1926 (1926-03-15) (34 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, КСРО

Азаматтығы

 Ресей империясы КСРО

Ұлты

орыс

Мансабы

прозаик, революционер, жазушы және мемлекет қайраткері

Жанры

роман

Шығармалардың тілі

орысша

Марапаттары

Ленин орденіЕңбек Қызыл Туы орденіЕңбек Қызыл Туы ордені

Дмитрий Андреевич Фурманов (7.11.1891, Кострома губерниясы, Середа селосы — 15.3.1926, Мәскеу) — орыс жазушысы.

Шаруа отбасында дүниеге келген. 1912—1914 ж. Мәскеу университетінің филология факультетінде оқыды. 1-дүниежүзілік соғысқа қатысып, Ақпан революциясынан кейін кеңес өкіметі жағына шықты. 1919—1921 ж. Азамат соғысы майдандарында (Чапаев дивизиясының комиссары, Түркістан майданы саяси басқармасының бастығы, т.б.) болды. Түркістан майданы саяси басқармасының Жетісудағы уәкілі болған кезінде Алматы қаласындағы ақ казактардың 1920 ж. 11 — 12 шілдеде жасаған кеңес өкіметіне қарсы бүлігін, кейіннен Кубаньға түсірілген врангельдік десантты талқандауды басқарды. 1924 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірген. 1924—1925 ж. пролетарлық жазушылардың Мәскеу қауымдастығының (МАПП) хатшысы болды. Шығармалары 1912 жылдан бастап жариялана бастаған. Неғұрлым белгілі шығармалары: “Қызыл десант" (1922), “Он сегізінші жылы” (1923) және “Бүлік” (1925) повестері, М.В. Фрунзе жөніндегі очерктер топтамасы, т.б. Фурмановтың Чапаев романы бойынша “Чапаев” (1934) кинофильмі түсірілді. Жетісудағы Азамат соғысы жөнінде “Бүлік” повесі мен романын жазды. Осы повесі мен пьесасы, “Чапаев” романы 20 ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіліне аударылды. 2018 жылға дейін Алматы қаласындағы орталық көшелердің біріне Фурмановтың есімі беріліп келді.[1]

Д.А.Фурмановтың Верныйдағы контрреволюциялық бүлікшілер алдында сөз сөйлеуі.1940 жылы бейнеленген сурет.Суретшісі Бортников.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том