Франсуа Виет
Виет Франсуа (1540-1603) француз математигі, мамандығы заңгер қызметкері. Астрономияға әуестенгендіктен тригонометриямен және алгебрамен айналысуға мәжбүр болған. Виет ғұмыр кешкен кезге дейін алгебра көптеген жаңалықтарымен байытылған (оған дейін 3- және 4- дәрежелі теңдеулер радикал арқылы шешілген) болатын. Шартты белгілер Виет заманына дейін ара-тұра ғана қолданылатын. Виет 1591 жылы тек белгісіз шамаларға ғана емес, сонымен қатар берілген мәліметтерді, яғни теңдеулерді коэффиценттеріне де әріптік белгілеулерді қолданған. Осының нәтижесінде теңдеулердің қасиеттерін және олардың түбірлерін жалпылама формуламен алғаш рет сипаттап өрнектеу мүмкіндігі туған және алгебралық өрнектердің өздері амалдар қолданылатын объектілерге айналған. Ол ғұмыр кешкен жылдары теріс сандар - сан ретінде мойындалмаған кез болатын. Оның барлық идеяларын "Аналитикалық өнерге кіріспе" деген ғылыми еңбегінде баяндалған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Математикалық пәндік энциклопедия - Алматы 2011