Мазмұнға өту

Ферхат Аббас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аббас Ферхат (Abbas Ferhat) (24 тамыз 1899, Тахер, Алжир – 24 желтоқсан 1985, Алжир қ-сы), Алжир республикасы уақытша үкіметінің бірінші президенті болған (1958) көшбасшы саясаткер. Бұрын өзі ниеттес болған француз билігіне көңілі толмай, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1939-45) француз билігін айыптап, барлық алжирліктің теңдігіне кепіл болатын Конституция болуын талап етеді. Франциядан азат болуға жеткізген Ұлт Азаттық Майданына қатысады (1958-62). 1962 жылы Алжир заң шығарушы ассамблеясының мүшесі болып сайланады. Алайда 1963 жылы ҰАМ ішіндегі қайшылықтарға байланысты қызметінен кетеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4