Текесақал
Текесақал | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Dodartia orientalis L. | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Dodartia virgata Moench |
Текесақал (лат. Dodartia) – Mazaceae немесе сабынкөктер тұқымдасына көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Далалық жерлерде, сортаң сұр топырақты шалғындарда, өзен бойларында, көбінесе егін арасындағы арамшөптер түрінде бақшаларда және жол жиектерінде өсетін 1 түрі – шығыс Текесақалы (Д. оrіentalіs) бар. Оның биіктігі 15 – 50 см, жуан, ұзын тамыры болады. Сабағы көп, бұтақталып келеді. Жоғарғы жапырақтарының пішіні жұмыртқа, қалғандары қандауыр тәрізді, жиектері тегіс, сабаққа сағақсыз орналасады. Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, бес тісті, тұқымында қалады. Күлтесі біртіндеп кеңейген түтік сияқты, қос ерінді. Жоғарғы ерні қысқа, қос қалақты; төменгісі ұзынша, үш қалақты болып келеді. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны төртеу, аналық мойны ұзын болады. Күлгін не сиякөк түсті көп гүлі (3 – 7) бұтағының ұшында жетіліп, шашақ гүлшоғырына топталған. Гүлдері солғанда қараяды. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – қос ұялы, төрт қырлы, сырты тегіс қорапша. Тұқымы көп болады. Текесақал – дәрілік өсімдік, асқазан ауруларына қарсы ем ретінде қолданылады. [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |