Мазмұнға өту

Стегоцерас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Стегоцерастың бассүйегі
Бассүйек
Стегоцерас

Стегоцерас — басының сүйегі жұқа, дене көлемі шағын, шөппен қоректенетін динозавр. Ол өзі сияқты динозаврлармен бас түйістіріп сайысқа түскен болуы мүмкін. Стегоцерас екі аяқпен жүрген. Ми көлемі басқалармен салыстырғанда көп, көздері шарасынан шығып кетердей үлкен болған. Бассүйегінің қалыңдығы шамамен – 7- 10 см. Ғылымда стегоцерасты «күмбез басты динозавр» дейді. Себебі шекесін бойлай сүйекті төмпешіктер қатары орналасқан. Аналықтарының басындағы күмбезі аталықтарына қарағанда жұқалау болған.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Динозаврдың өмір сүру кезеңі бұдан 76 – 65 миллион жыл бұрынғы бауырмен жорғалаушылар дәуірі — Мезозойдың соңы.
  • Стегоцерастың жамбас сүйектері ғана құстарға ұқсайды.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : 77 келі
  • Тұқымдас : Пахицефалазаврид
  • Отряд тармағы : Церопод [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы