Сисем-Ата
Сисен ата қорымы (Сисем ата) – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ансамбльдер мен кешендер түріне жататын ескерткіш. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізіміне енгізілген.
Орналасқан жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау ауданы, Сайөтес бекетінен солтүстікке қарай 30 км, Үстірт шоқысының батыс шыңында.
Кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ХІІІ-ХІХ ғасырлар.
Тарихи деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қорым Маңғыстаудың мемориалды жерлеу кешендерінің ең киелі орындарының бірі болып саналады. Әдебиеттерде алғаш рет ол 1825-1826 жылдары полковник Ф. Бергтің жетекшілік еткен бірінші орыс әскери-шолу экспедициясының есептерінде аталады. Сисен ата кешенінде діни ғимаратардың барлық танымал архитектуралық үлгілері байқалады. Негізгі жерлеу кешені осы өңірдің көрнекті ислам дінін уағыздаушылардың бірі Сисен ата мазарының айналасында пайда болады. Ол туралы нақты мәліметтер жоқтың қасы, бірақ аздаған аңыздарда оны оғыз-қыпшақ дәуірінде өмір сүрген делінеді.
Сисен ата кешенінде отыз ірі күмбезді кесенелер бар. Оған Маңғыстаудағы адай руының алғашқы қоныс аударуын басқарған батырлар, билер жерленген. Бұл кесенелер хиалық хандарға және басқа жаулап алушыларға қарсы шыққан халық батырлары Төлеп батыр, Қонай батыр, Сүйінқара батырға арналады. Сондай-ақ мұнда адай әулетінен шыққан атақты өкілдері жерленген.
Қорым сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қорымды салуда басқа да осындай кешеннен ерекшеленетін сәулет өнерінің озық тәсілдері пайдаланған, пішіндерінің әсемдігі, ерекше бөліктер, әрлеудің нәзіктігі, мысалы, әйелдердің қабіріне орнатылған кейбір құлпытастар, еркектердің құлпытастары соғыс белбеуінің, қолөнер құралдарының, кейде соғыс жылқылары мен алуан түрлі қарулар да бедерлі суреттерімен бейнеленеді. Маңғыстаудың басқа қорымдарының ішінде Сисен ата біршама жақсы сақталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
|