Мазмұнға өту

Павильон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Павильон (фр. pavillon -шатыр)

  1. архитектураның шағын түрлеріне жататын оқшау тұрған ғимарат. Ежелгі Шығыс елдеріндегі ғибадатханалар мен сарайлардың дені павильон үлгісінде тұрғызылды. Павильон Англия мен Франция (17 - 18 ғ.), Ресейде (18 ғ. мен 19 ғасырдың 1-ширегі) сарай ансамблі, сондай-ақ, парк құрылысының құрамды бөлігіне айналды;
  2. ірі ғимараттың бір бөлігі. Көбіне жеке шатырмен жабылды;
  3. көрме экспозициясына, кино түсіруге, кейде сауда-саттыққа арналған тұрақты, уақытша құрылыс;
  4. ғимарат интерьерін бейнелейтін театр декорациясы. Сахнада тұңғыш рет 1974 ж. неміс актері әрі режиссері Ф.Л. Шредер қолданды. Декорация павильонын қолдану әсіресе түр-мыстық және психол. драмаларды қоюмен байланысты кең өріс алды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8