Марцеллин
Аммиан Марцеллин (Ammіanus Marcellіnus) (330, Антиох (қазіргі Түркияда) — 395, Рим) — антикалық тарихнаманың соңғы ірі өкілі. Марцеллин (т.-ө.ж.б.) — 6 ғ-дың 2-жартысында өмір сүрген Рим тарихшысы. Кейбір зерттеушілер оны белгілі тарихшы Тациттың ізбасары болған дейді. Ол 33 кітаптан тұратын еңбек жаз-ған. Алайда оның алғашқы 13 томы жоғалып, Рим императоры Валент (353 — 78) билігі жайындағы 18 кітабының үзінділері ғана қазіргі күнге жеткен. Оның еңбектерінде ғұндар туралы тарихи, этногр. мәліметтер көп.
[[Сурет:Ammianus_Marcellinus_1533.jpg]|thumb|Аммиан трактатының мұқаба беті] Ақсүйек грек отбасында дүниеге келді. Жас кезінен Галлия мен Парсы еліндегі император Константиннің армиясында қызмет етті. 358 ж. парсыларға қарсы соғысқа қатысты. Әскери қызметті тастағаннан кейін Мысырға және Грекияға сапар шегіп, ақырында Римге келіп қоныс тепті. Бұл жерде ол 96 жылдан 378 жылға дейінгі Рим империясының тарихын (Тациттің еңбектерін жалғастыра отырып) жазып шықты. “Оқиғалар шежіресі” (“Rerum gestarum Lіbrі”) деп аталатын 31 томдық бұл еңбектің 353 — 378 ж. аралығындағы оқиғаларды қамтитын соңғы 18 томы ғана сақталған. Сол кезеңдегі империяның экон. және әлеум. мәселелеріне тоқтала отырып, ол римдіктердің басқа халықтармен, оның ішінде ғұндармен қарым-қатынасына баға берді. Соңғы томдарында ғұндардың 374 ж. аландарды бағындыруы, Дунай жағалауына жетіп, вестготтарды талқандауы, соңғылардың Рим империясына келіп паналауы жөнінде мәліметтер бар. Әдеб.: The New Encyclopedіa Brіtannіca. Vol. 1. p. 345. Chіcago, Auckland (London) etc., 1994.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Ammіanі Mapcellіnі Rerum guі de XXXІ supersunt lіbu XVІІІ, studііs SocіetarіsBіpontіne. Parіs 1786; Өтенияз С., Аттила, А., 2000. С. Өтениязов «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |