Мазмұнға өту

Марий Эл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Координаттар: 56°42′ с. е. 47°52′ ш. б. / 56.700° с. е. 47.867° ш. б. / 56.700; 47.867 (G) (O) (Я)

Ресей Федерациясының субъектісі

Марий Эл Республикасы
Республика Марий Эл
Марий Эл Республик
Мары Эл Республик

Марий Эл туы Марий Эл елтаңбасы

Республика Марий Эл Ресей картасында

Елордасы

Йошкар-Ола

Жер аумағы

72-ші

Барлығы
% су беті

23375[1] км²
2,8

Жұрты

65-ші

Барлығы
Тығыздығы

690 349[2] (2013)

29.53 адам/км²

ЖАӨ

71-ші

Барлығы, ағым. баға
Жан басына шаққанда

82.4 млрд руб. (2010)

96.1 мың руб.

Федералды округ

Волга маңы

Экономикалық аудан

Волга-Вятка

Мемлекеттік тілі

марише (Горномарий және Луговомарий тілдері), орысша[3]

Республика басшысы

Леонид Маркелов

Үкімет басшысы

Леонид Маркелов

Мемлекетік мәжіліс төрағасы

Юрий Минаков

РФ субъектісінің коды

12

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-ME

Уақыт белдеуі

MSK (UTC+4)

Марий Эл Республикасы (орыс. Респу́блика Мари́й Эл, марише Марий Эл Республик, Мары Эл Республик), Мари́й Эл[4] (марише Марий Эл, Мары Эл) — Ресейдің еуропалық бөлігінің шығысында орналасқан республика[5], Ресей Федерациясының субъекті, Волга маңы федералды округінің құрамына кіреді. Марий Эл Республикасының конституциясына сәйкес, Ресей Федерациясының құрамындағы республика (мемлекет)[6].
Астанасы – Йошкар-Ола қаласы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде және шығысында Киров облысымен, оңтүстік-шығысында — Татарстанмен, оңтүстік-батысында — Чувашиямен, батысында — Төменгі Новгород облысымен шектеседі.

Республика 1920 жылдың 4 қарашасында құрылды.

Росстат мәліметтері бойынша республика халқының саны 690 349[7] адам (2013). Қоныстану тығыздығы — 29,53 адам/км2 (2013). Қала халқы — 64,33 % [7] (2013).

Ұлттық-этностық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Йошкар-Ола және Волжскінің қала халқында, сондай-ақ Йошкар-Ола маңындағы селоларда және республиканың батысында орыстар басым көпшілікті құрайды. Ауылдық жерлерінде марилер көп қоныстанған, Горномарий ауданында — горномарилер (таулық марилер) мекен етеді. Олар тілі және мәдениеті бойынша луговомарилерден (көгалдық марилерден) ерекшеленеді. Звенигов ауданында бірнеше чуваш ауылдары бар.

Халық 1926 жыл,
мың адам (*)
1939 жыл,
мың адам (*)
1959 жыл,
мың адам (*)
1970 жыл,
мың адам (*)
1979 жыл,
мың адам (*)
1989 жыл,
мың адам (*)
2002 жыл,
мың адам (*Мұрағатталған 26 қаңтардың 2012 жылы.)
2010 жыл,
мың адам[8]
Орыстар 210,0 (43,6 %) 267,0 (46,1 %) 309,5 (47,8 %) 320,8 (46,9 %) 334,6 (47,5 %) 356,0 (47,5 %) 345,5 (47,5 %) 313,9 (47,4 %)
Марилер 248,0 (51,4 %) 273,3 (47,2 %) 279,5 (43,1 %) 299,2 (43,7 %) 306,6 (43,5 %) 324,3 (43,3 %) 312,2 (42,9 %) 290,9 (43,9 %)
Татарлар 20,2 (4,2 %) 27,1 (4,7 %) 38,8 (6,0 %) 40,3 (5,9 %) 40,9 (5,8 %) 43,9 (5,9 %) 43,4 (6,0 %) 38,4 (5,8 %)
Чуваштар 2,2 5,5 9,1 (1,4 %) 9,0 (1,3 %) 8,1 (1,1 %) 9,0 (1,2 %) 7,4 (1,0 %) 6,0
Украиндар 1,8 2,7 4,6 4,5 5,3 5,1 3,6
Ұдмұрттар 1,2 1,4 2,5 2,6 2,5 2,5 2,2
Беларустар 1,2 1,2 1,4 1,4
Мордвалар 1,6 1,6 1,7 1,7 1,7 1,3
Әзербайжандар 1,2
Армяндар 1,1
Немістер 1,1

Саны 1000 адамнан астам халықтар көрсетілген

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]