Мазмұнға өту

Көкқұс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көкқұс

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Turdidae
Тегі: Myophonus
Түрі: M. caeruleus
Екі-есімді атауы
Myophonus caeruleus
(Scopoli, 1786)

Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі.

Тұрқы 32 – 34 см, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, құйрығы 14 – 16 см, салмағы 180 – 190 г. Қауырсыны қара көк, тұмсығы сары. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі. Көкқұс тау бөктерінің жапырақты орман, арша өскен жерінде, өзен бойларын мекендеп, тік жартастар арасына ұя салады. 4 – 5, кейде 6 жұмыртқа салады, 17 күнде жұмыртқадан балапан шығады. Көкқұс әр түрлі жәндіктерді, олардың дернәсілдерін, өрмекшітәрізділерді, моллюскілерді, ал күзге қарай түрлі жидекті де жейді. Қысқа қарай оңтстікке қайтады, бірен-сараны қыстап қалады. Көкқұс – түсі әсем, сайрайтын құс, сондықтан оларды үйде торда ұстау соңғы жылдары көбейіп бара жатыр. Көкқұстың саны өте аз. Мысалы, 1960 ж. Талас Алатауында 7 ұясы болса, 1970 – 80 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында бұл құстың 20 жұбы, ал 1990 ж. 24 ұясы бар екені анықталған. Көкқұс Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996), Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында қорғалады.[1][2]

Көкқұстар туысы- Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес отрядының сайрақ тұқымдас құстарға жататын 13 туыстың бірі . Дене мөлшері және сыртқы кейпі нағыз сайрақтарды еске түсіреді. Тұмсығы- биік және күшті, тұмсығының ұшы ілмекті. Сайрақтарға қарақанда аяғы ұзындау . Аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей . Оңтүстік Азияданшығатын күшті ағысты жартасты тау шатқалдарын мекендейді. Қазақстанда бұл туысқа жататын бірнеше түрлерінің бірі- көкқұс.

Көкқұс- қылғыта сайраөтан ірілеу денелі (150-200 г) құс . Алыстан реңі қара сайраққа ұқсайды, тек қана көкқұстың жабын қанаты барқыт түстес қара емес, ақшыл көк реңкті жалтыраған қошқыл көк түсті, бұл рең әсіресе маңдайы мен қанатында өте қоюлау. Екі түсті, мықты тұмсығының үстіңгі қыры- қошқыл қоңыр, тұмссықасты бөлігі- ашық сары және ұшы төмен қарай иіліп, ілмектеніп бітеді. Қанатының үстінде көлденең ұсақ, ақ теңбілдері болады Қазақстанда көкқұстың таралу шекарасы солтүстікке қарай өтеді. Мұнда ол тек қана Батыс және Солтүстік Тәңіртау жоталарының жартасты шатқалдарында қоныстанады. Оның үстіне Қазақстанда қыста мекендейтін көкқұстар жылма-жыл көктемде наурыз- сәуірде пайда болып, оңтүстікке қарай бір жаққа жылыстайды. Көкқұстың бауыры сайрақтарға қарағанда, соның ішінде өзіне алыстан ұқсайтын қара сайраққа қарағанда әлдеқайда жерден көтеріңкі. Әдетте судан шығып тұрған жартастардан немесе жағалаудағы тастардан жемін іздеген кезде көрінеді, кейде бауырын суа малып жүгіріп жүреді. Шомылуды ұнатады, күніне бірнеше рет шомылады.[3]

Көкқұстар қуыстарға ұя салады. Көкқұстардың көп түрлері көлдер, өзендер және басқа да тұщы су нысандарының жандарындағы жерлерде ін немесе жер асты жолдарын қазады. Кейбір көкқұстар термит төбешіктерінде де ұя салады. Олар ұяға орналасқан соң ұрғашы көкқұстар 3-6 жұмыртқаға дейін салады, оларды ұрғашысы да, еркегі де басады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Красная книга Казахстана, 3 изд., А., 1996
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
  3. мектеп энциклепедиясы "Құстар", Қазақстан жануарлары сериясы; Автор: А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь ; Алматыкітап 2010