Мазмұнға өту

Кёнджон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кёнджон (1688 - 1724) — Чосон патшалығының 20-шы ваны (1720 - 1724). Сукчон - ван мен Чан Хи Бинның ұлы. Шын есімі Ли Юн.

1690 жылы мұрагер ханзада дәрежесін алады. Бірақ елдегі партиялардың қарсылығын тудырады. 1718 жылы аегент дәрежесінде ел басқарады. 1720 жылы әкесі Сукчон дүние салғаннан кейін, таққа 33 жасында отырады. Бірақ 1701 жылы алған жарақытынан денсаулығы нашарлап, ел басқаруға қабілетсіз болады. Осының нəтижесінде ұрпағы болмаған Кёнджонның мұрагері болып бауыры Ёнджо тағайындалып, оған елді басқару ісін жүргізу тапсырылады. Елдегі жағдай Кёнджонның тұсында тұрақсыз болады. Бұл одан да партиялардың ішкі тартыстарын күшейте түседі. Бұл жағдай, 1724 жылы Кёнджонның жұмбақ күйде дүние салуына əкеп соқтырады. Кейбір деректерде, оның уланып дүние салғаны туралы пікірлер айтылғанымен, ол ресми түрде расталмай келуде.

Сыртқы саясаты.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1722 жылы Цин императоры Юнчжэнның (1722-1735) елшісі Акдунды (1685-1756) қабылдайды.

Дереккөздер.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Концевич Л. Р. Хронология стран Восточной и Центральной Азии. — Москва: Восточная литература РАН, 2010. — 806 с. — ISBN 978-5-02-036350-2.
  • История Востока. Восток на рубеже средневековья и Нового времени XVI—XVIII вв. Том 3. Под редакцией Рыбакова Р. Б., Алаева Л. Б. М., 2000. — 696 с. — ISBN 5-02-018102-1
  • Тихонов В. М., Кан Мангиль. История Кореи: В 2 т. Т. 1: С древнейших времен до 1904 г. (Orientalia et Classica: Труды Института восточных культур и античности: вып. 41.) — М.: Наталис, 2011. 533 с. — ISBN 978-5-8062-0343-5