Кулага
Кулага — орыстың ұлттық тәтті тағамы. Екі нұсқасы бар: калинамен нағыз кулага және жидекті беларусша кулага. Нағыз кулага қарабидай уытынан және калинадан, ешқандай тәтті тағамдар: қант, бал қосылмай дайындалады. Уытты ыстық суда ерітеді де, 1 сағат тұндырады, содан соң екі есе көп мөлшерде қарабидай ұнын қосып, қамыр илейді де, жаңа сауылған сүт жылылығына дейін (28—25°С) суытады, содан соң қарабидай нанының қырын салып ашытып, ашыған соң қамырды жағылған пешке (орыс) бірнеше сағатқа әдетте, кештен таңертеңге дейін (яғни 8— 10 сағ-қа) салып қояды. Мұндай ыдысты тығыз жауып, толық герметизациялау үшін сыртына қамыр жағып қояды. Кулага ауа кіргізбей баяу қыздыру арқылы ашыту процесінде түзіледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |