Касситерит
Касситерит– оксидтер класының минералы. Химиялық формуласы SnO2. Тетрагональдық сингонияда кристалданып, дипирамидальды, түтікше, ине тәрізді кристалдар түзеді. Түсі қоңыр, қара, кейде сарғыш қызыл. Қатты 6 – 7, меншікті салмағы 7 г/см3, алмастай жылтыр. Касситериттің кен орындары пегматиттерде, скарндарда, жоғары температуралы кварц желілерінде және кенқайраңдарда кездеседі. Қазақстанда касситериттің кен орындары Қалба-Нарын, Көкшетау, Шу-Іле тауларында, кенқайраңдары Оңтүстік Алтай, Солтүстік Қазақстан аймақтарында, Ұлытау тауларында бар. Касситерит маңызды қалайы кентасы.[1]
Кристалдық құрылысы рутилдің структурасына ұқсас.
Кристалдық бейнесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]депкі пайда болған касситерит кристалдары қуыстарда жиі кездеседі. Әдетте оның кристалдары ұсақ, бірақ кейде ірілері де кездеседі, оның мөлшері 10 см-ге барады (салмағы бірнеше килограмм). Кристалдық бейне формалары дипирамидалық , пирамидалы-призмалық немесе сояу тәрізді, кейде инеліктей жіңішке болады. Кристалдарының қоспақтары да, рутилдікіне сәйкес, бүгілген иін бейнелі болып келеді. Тұтас түйірлі немесе радиал-сәулелі агрегатты массалары сирек кездеседі. Әдетте касситерит кристалдары майда сеппе түрде немесе формасы бұрмаланған түйір түрінде байқалады. Кейде оның гидротермалық желілердің қуысында әдемі друза түрде пайда болғандары байқалады.
Коллоид ерітінділерден пайда болатын кейбір жағдайларда касситерит қабаттасып қабарып ескен тұтас масса түрінде кездеседі. Оның формасы кейде тарамданған бұтақты ағаш Tapisflee болып келеді.
Жаратылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Касситерит кендері көбінесе магмалық жыныстарға, оның ішінде қышқыл граниттерге байланысты. Ол граниттің өз ішінде сирек кездеседі, көбінесе оның пневматолиттік өзгерген жерлерінде — грейзендер арасында және пегматит арасымда болады. Кейбір жағдайларда касситерит контактылық метасоматикалық және гидротермалық кендерде кездеседі. Гидротермалық (гипортермалық ) кварцты касситерит немесе сульфидты касситерит желілері көп кездеседі. Касситерит тотығу-бұзылу зоналарына төзімді минерал, сондықтан онын кендері шашыранды болып кездеседі. Кейбір қалайылы минералдар бұзылып касситеритке айналады, ал экзогендікте болады.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Касситериттен қалайы өндіріледі. Қалайы металл қаңылтыр жасауға, қола жез жасауға, жалату, ұстату ісінде, тағы басқа қолданылады.
Касситерит кендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КСРО-да Шығыс және Солтүстік-шьғыс Сібірде (Байкал көлінің оңтүстік-шығысындағы Онон өзенінің құяр жеріндегі Завитинск кені); Қалба тауында (Қазақстан) кездеседі.
Шет елдерде касситерит кені Бирмада, Сиамда, Боливияда, Тасманияда (Австралия), Нигерияда (Африка) бар.[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,
- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69