Ирокез (тайпа)
Ирокез | |
ирэкуой, ирокуа | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
403 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
АҚШ |
353 000 |
Канада |
49 700 |
Тілдері | |
Діні | |
христиандық, табиғи күштерге сенім |
Ирокездер (ирэкуой, ирокуа ) — 1) АҚШ пен Канададағы үндіс халықтарының тобы. АҚШ-тағы саны 353,8 мың адам. (оның ішінде 302,6 мың чероктер, 2000, санақ), Канадада 49,7 мың адам. (2005, халық санағы).
2) АҚШ-тағы (сенека, онондага, кайуга, онида, тускарора, могауктардың бір бөлігі) және Канаданың оңтүстік-шығысындағы (Онтариодағы Сикс-Нейшенс резерваты) ирокездік халықтар тобы. АҚШ-тағы саны 48,8 мың адам. (2000, санақ), Канадада 49,7 мың адам. (2005, халық санағы).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар ирокез тілдерінде сөйлейді. Ағылшын тілі де кеңінен таралған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ирокездердің көпшілігі христиандар, ал шын мәнінде табиғат күшіне табынатын синкретикалық топқа жатады. Олар жанды және жансыз заттардың барлығында рухтар болады деп сенген, сондықтан табиғатты құрметтеп, табынған. Ирокездер әруақтармен тілдесіп, олардан көмек сұрау үшін би, ән және жұмбақ, әртүрлі рәсімдер мен ғұрыптарды орындады.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ирокез халықтары АҚШ-тың қазіргі Нью-Йорк штатындағы және оның айналасындағы құнарлы жердің көп бөлігін, сондай-ақ Канаданың Квебек провинциясынан солтүстікке қарай қазіргі Монреальға дейін бақылайтын қуатты байырғы державалар болды. Еуропалық державалар Солтүстік Америкадағы отаршылдық дәуірде ирокездермен кең сауда қарым-қатынастары болды, ал ирокездер британдықтармен аумақтық бітім орнатты. Алайда, британдықтар американдық тәуелсіздік соғысында жеңіліске ұшыраған кезде, Америка Құрама Штаттары ирокез конфедерациясы сақтауға келіскен аумақтың көп бөлігінен бас тартып, оны отаршылдық қоныстандыруға ашты. Дәл осы уақытта, 18 ғасырдың аяғында, ирокез конфедерациясы саяси консолидация ретінде ыдырай бастады. Американдық революциялық соғыс кезінде ирокездер британдықтармен одақтас болғандықтан, олар жаңадан құрылған Америка Құрама Штаттарының дұшпандығына тап болды және көптеген ирокездер Нью-Йорктен солтүстікке Британдық Канадаға көшті. 18 ғасырдың аяғында АҚШ әскерлері одақты талқандап, оның жерін бөліске салды. Ирокездер АҚШ пен Канаданың шөлейт жерлеріне қуылды.[4][5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Америка жағалауында алғашқы еуропалықтар пайда болғанға дейін көп уақыт бұрын, ирокездер көрші тайпалармен қолөнермен және саудамен айналысқан. Еуропалықтар келгеннен кейін олармен белсенді сауда жасай бастады, ең құнды тауар голландиялықтар шексіз мөлшерде сатып алатын құндыз терісі болды. Қазіргі ирокездер егіншілікпен (жүгері, бұршақ және асқабақ өсірумен) айналысты. Біразы жалдамалы жұмыспен айналысады, қалаларға (Нью-Йорк пен Чикагодағы ірі қауымдастықтарға) қоныс аударды. Ішінара ассимиляциямен қатар дәстүрлі қолөнер (былғарыдан жасалған бұйымдар мен моншақтар жасау, шар ракеткасы) сақталған.[6][7]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ирокездердің әлеуметтік ұйымы аналық - рулық құрылыстың класскиалық үлгісі болып табылады. Он бес рудың әрқайсысының рулық құрылымдағы нақты міндеттері мен рөлдері болды. Туысқан әйелдер тобы (овачира деп аталады) ирокездердің негізгі қоғамдық бірлігін құрады. Ер адамдар үй шаруашылығын басқаруда үлкен дауыс беру құқығына ие болмады, ирокездік әйел күйеуімен үйден оның заттарын алып тастау арқылы ажыраса алады. Овачирдегі жетекші рөл егіншілік пен әйелдердің бірлескен жұмысын басқаратын, дауларды шешетін және топ пен тайпалық кеңестерде және Лига кеңесінде топ атынан өкілдік ететін еркектерді тағайындайтын ең қарт әйелге тиесілі болды.
Ирокездер үш мыңға дейін тұрғыны бар қоршалған ауылдарда тұрды. Ауыл тұрғындары ұзындығы 18 м бөшке пішінді төбесі бар, қаңқасы бөрене тікбұрышты ұзын үйлерде тұрды. Ұзын үйлердің әрқайсысында әйелдер туыстық желісі арқылы бір-бірімен туысқан әйелдер тобы, олардың күйеулері мен балалары орналасты.[8]
Ирокез киімдері бұғы терісінен және иленген былғарыдан жасалған. Қалың материал өзгермелі климаттың суық ауа райында жылуды қамтамасыз етті. Аяқтарында олар мокасин деп аталатын аяқ киім киген. Еуропалықтармен байланыста болғаннан кейін киім батыс еуропалық киімге сәл өзгере бастады. Оны үндіс тайпаларымен айырбас жасаған көпестер мен саудагерлер әкелді.
Ирокездер жақсы бишілер болған. Салтанатты шаралар мен билерге көп адам жиналды. Музыкалық ырғақ үшін әртүрлі аспаптар пайдаланылды. Олар сылдырмақ, таяқ, ысқырғыштар және барабандар болды. Олардың барлығы жануарлардың қабығынан, тұяғы мен қауырсынынан, сондай-ақ әртүрлі өсімдік жемістерінен жасалған.[9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2021561?ysclid=lq0jnzenj1764103137
- ↑ http://www.etnolog.ru/people.php?id=IROK
- ↑ https://polit-inform.ru/irokezy-v-istorii-proisxozdenie-kultura-i-znacenie/?ysclid=lq0k5m2tk7795171794
- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы ,5 том.
- ↑ https://stranatur.ru/the-iroquois-native-cultures-of-north-america.html
- ↑ https://travel-journal.ru/ethno/37/695/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ https://www.istmira.com/novosti-istorii/15272-irokezy-narod.html
- ↑ https://www.krugosvet.ru/enc/narody-i-yazyki/irokezy
- ↑ http://srednyvek.ru/irokezy/