Мазмұнға өту

Зерде

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кристоф Кох: зерде астарындағы жүйке процестері схемасы

Зерде (ағылш. Consciousness) — қарапайым етіп айтқанда, ішкі және сыртқы болмысты сезіну мен аңғару.[1] Философтар мен ғалымдардың бірнеше мыңжылдық анализдеуіне, анықтама беруіне, түсіндіруіне және пікірталас жасауына қарамастан,[2] "өміріміздегі ең таныс және ең жұмбақ аспект" ретінде зерденің қасиеті мен мәні баяғыдай сырлы және даулы болып қалуда.[3] Бұл тақырып бойынша жалпы қабылданған жалғыз түсінік "зерденің рас бар екендігі туралы интуиция" ғана.[4] Зерде ретінде тегі нені нақты зерттеп, түсіндіру керек екендігі туралы пікірлер қашан әртүрлі. Кейде ол сананың (mind) синонимі болса, ал басқа жағдайда ол сананың бөлігі. Кезінде зерде адамның "ішкі өмірі", интроспекция, жеке ойлауы, қиялы және еркі делінді.[5] Қазір ол көбінесе таным, тәжірибе, сезу (feeling) немесе түйсіну түрлерін қамтиды. Ол сондай-ақ тұрақты және өзгергіш күйдегі аңғаруды, аңғаруды аңғаруды және Мендік аңғаруды білдіреді.[6][7] Зерденің түрлі деңгейлері мен тәртіптері бар,[8] яғни әртүрлі зерделер болуы мүмкін, немесе түрлі ерекшеліктері бар бір ғана зерде болуы мүмкін.[9] Бұлардан басқа мәселелер ретінде мысалы "тек адам ғана зерделі ме, әлде барлық жануарлар, тіпті бүкіл ғалам зерделі ме?" - деген метафизикалық сұрақты айтуға болады. Бірақ зерттеулер, түсіндірулер және болжамдар аясы тегі дұрыс сұрақтар қойылып жатыр ма деген күмән да туғызады.[10]

Сипаттау, анықтау және түсіндіру ауқымын білдіретін мысалдар: қарапайым ояулық, "өзін тану" арқылы зерттелетін адамның өздік сезімі мен жаны; метафоралық мағынадағы "мазмұн ағыны", мидағы рухани күй, рухани оқиға және рухани үрдіс; Фанерон (phanera), квалиа (qualia) және субъективтілік; "бейне сондайлықты" иелеу, немесе болу; "ішкі театр", немесе санадағы басқарушы-атқарушы жүйесі, тб.[11]

Пәнаралық перспективалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Философтар Декарт пен Локк заманынан бері зерденің табиғатын және оның дүниенің тұтас бейнесімен қалай үндесетінін түсіндіруге талпынып келеді. Бұл мәселеде әлемдік философия әрқилы бағыт ұстанғанымен бірақ бәрібір бұл тақырып мысалы құрлықтық философия мен аналитикалық философия үшін, феноменология мен сана философиясы үшін бірдей өзекті мәселе есептеледі, Кейбір негізгі сұрақтарға жататындар: зерде затпен бірдей нәрсе ме; компьютер немесе робот секілді есептеуіш машиналары зерделі бола ала ма; зерденің тілмен байланысы; болмыс (Dasein) ретінде зерденің тәжірибе әлеміне қатысы қандай; тәжірибедегі Меннің рөлі; дара ойлау мүмкін бе; ұғым объектпен түбегейлі үйлесімді ме, тб.

Зерденің маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рене Декарт дуализмі иллюстрациясы. Кірген ақпарат сезім мүшелері арқылы эпифизге өтіп, одан ары бейматериалдық рухқа беріледі.

Зерде адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның зердесі тұр.

Зердеге қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе зерде мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер зердені физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни зердені нейрондар қозғалысы ретінде анықтайды. Екінші мәселе, хайуандарда да зерде бар ма деген тақырып. Егер зердені адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір зердеге ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

Зерде ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Зерде — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жиынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Зерде құрылымы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зерде мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Зерде мен іс-әрекеттің бірлігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зерде мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Зерде әрекет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).

Зерде бүлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекеті бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.[12]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:Cite dictionary
  2. Robert van Gulick (2004). "Consciousness". Stanford Encyclopedia of Philosophy. Metaphysics Research Lab, Stanford University. http://plato.stanford.edu/entries/consciousness/. 
  3. Susan Schneider Introduction // The Blackwell Companion to Consciousness / Max Velmans — Wiley, 2008. — ISBN 978-0-470-75145-9.
  4. John Searle Consciousness // The Oxford companion to philosophy / Honderich T — Oxford University Press, 2005. — ISBN 978-0-19-926479-7.
  5. Jaynes Julian The Origin of Consciousness in the Breakdown of the Bicameral Mind — Houghton Mifflin, 2000. — ISBN 0-618-05707-2.
  6. Rochat, Philippe (2003). "Five levels of self-awareness as they unfold early in life". Consciousness and Cognition 12 (4): 717–731. doi:10.1016/s1053-8100(03)00081-3. ISSN 1053-8100. PMID 14656513. http://psychology.emory.edu/cognition/rochat/Five%20levels%20.pdf. 
  7. P.A. Guertin (2019). "A novel concept introducing the idea of continuously changing levels of consciousness". Journal of Consciousness Exploration & Research 10 (6): 406–412. https://jcer.com/index.php/jcj/article/view/829/825. 
  8. Higher-Order Theories of Consciousness (15 Aug 2011).
  9. Michael V. Antony (2001). "Is consciousness ambiguous?". Journal of Consciousness Studies 8: 19–44. 
  10. Hacker, P.M.S. (2012). "The Sad and Sorry History of Consciousness: being, among other things, a challenge to the "consciousness-studies community"". Royal Institute of Philosophy supplementary volume 70. http://info.sjc.ox.ac.uk/scr/hacker/docs/ConsciousnessAChallenge.pdf. 
  11. Farthing G The Psychology of Consciousness — Prentice Hall, 1992. — ISBN 978-0-13-728668-3.
  12. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6